Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы базарының автотұрағында 100 теңге үшін тағы жанжал болды.
Алматының Бақорда базарының автотұрағындағы жанжал видеоға түсіп қалған. Аlmaty_kris парақшасында жарияланған видео кадрларында автотұраққа кіру ақысына байланысты жүргізуші мен автотұрақ қызметкері арасында ұрыс-керістің болғанын көруге болады.
Бұл жолы автотұрақ қызметкері 200 теңге көлеміндегі кіру ақысын төлеуді сұраған. Ол жүргізушіге терминалдың істемей тұрғанын, оның қуаты таусылғанын айтып түсіндірген. Ал Lexus көлігін тізгіндеген жүргізуші ол оның проблемасы емес екенін, 100 теңгені төлеп қойғанын айтқан.
Видеода автотұрақ қызметкерінің жүргізушіні ұрып жібермек болмағанын, оны әріптестері ұстап тұрғанын байқауға болады.
Алматы қалалық полициясы аталған оқиғаға қатысты түсініктеме берді.
Алатау ауданы ПБ хабарлауынша, аталған дерек бойынша полиция бөліміне ешқандай хабарлама, арыз-шағым түспеген. Сондай-ақ оның қатысушылары анықталды. Олар бір-біріне ешқандай наразылығы жоқ екенін айтты. Олармен профилактикалық әңгіме жүргізілді, - делінген ведомство хабарламасында.
Осыған ұқсас жағдай 30 наурызда Алтын Орда базарының автотұрағында да болды. Ол кезде қызметкер жүргізушіден 100 теңге көлемінде кіру ақысын сұраған. Алайда ер адамда тұтас 20 мың теңге болған. Жүргізуші ақшаны оның шотына аудармақ болған кезде автотұрақ қызметкері бас тартқан. Сөйтіп жанжал басталып кеткен.