Алматы базарында автобөлшектер бар контейнерлер өртеніп кетті

31 Қазан 2020, 23:45
2010
Бөлісу:
Алматы базарында автобөлшектер бар контейнерлер өртеніп кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда сенбі күні түстен кейін «Жібек жолы» базарында өрт шықты, деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Автобөлшектерді сатуға арналған сегіз контейнер жанып, металл контейнерлердің жанғыш жүктемесі жоғары болғандықтан, қатты жылу радиациясы пайда болды. Бұл өрттің тез таралуына ықпал етті, - делінген хабарламада.
Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, жалпы алаңы 80 шаршы метрді алған өрт жарты сағат ішінде ауыздықталып, 15:28-де толық сөндірілген.

Өртті сөндіруге 67 адам мен 16 техника жұмылдырылған.

 


Өзгелердің жаңалығы