«Almaty Bala Fest» өтеді

28 Мамыр 2021, 17:01
11793
Бөлісу:
«Almaty Bala Fest» өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Almaty Bala Fest» балалар фестивалі өтеді. Жобаға Алматы қаласының әкімдігі қолдау білдіріп отыр.

Almaty.tv-ның мәліметіне қарағанда, жобаның негізгі мақсаты – Алматы қаласының дарынды, талантты балаларын табу және оларды таныту. Ұйымдастырушылар жоба арқылы Алматының шығармашылық өмірінің сан алуандығын көрсетуді көздейді. «Almaty Bala Fest»-те талант-шоу форматында мемлекеттік ақпараттық саясатты насихаттау мақсатында жүзеге асырылады. 

Жобаның продюсері әрі режиссері Айгүл Асқанбаева «Almaty Bala Fest» қала әкімдігінің қолдауымен өтіп жатқанын айтты.

Almaty Bala Fest» – бұл талант шоу, бұл Алматы қаласының балаларына арналған үлкен жоба. Бұл жоба Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен жүзеге асып жатыр. Бүлдіршіндердің ішінен ең таланттыларын таңдалды. Олар эстрада, цирк, хореография, актерлік шеберлік сынды жанрларда өнер көрсетеді, – деді продюсер.

Сонымен қатар, продюсер фестивальге қатысатын барлық қатысушылар дипломант атанатынын айтты.

Жобаға іріктеу пандемияға байланысты онлайн түрде өтті. Фестивальге қатысамын деген балалардың барлығы өнерлерін көрсетіп, бізге жіберді. Ішінде ең таланттыларын таңдап алдық. Бәрі – жеңімпаз, – дейді А. Асқанбиева.

Өзгелердің жаңалығы