Алматы-ШҚО автожолын жөндеу басталды

8 Мамыр 2019, 15:00
2157
Бөлісу:
Алматы-ШҚО автожолын жөндеу басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазіргі уақытта Талдықорған қаласынан Өскеменге дейін ұзындығы 313,5 км құрайтын автожолды қайта жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бас мердігер CITIC Construction Co, LTD компаниясы. 

Алматы-ШҚО автожолын жөндеу басталды

"Бүгінде жолшылар айналма жолдарды салу жұмыстарын жүргізуде. Негізгі көлік жолының өсімдік қабатын алу, ескі жол жабындысын фрезерлеу жұмыстары басталып, су өткізу құбырлары орнатылып жатыр. Бұдан басқа құм, битум және темір бетон бұйымдары дайындалуда" - делінген ИИДМ баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Алматы-ШҚО автожолын жөндеу басталды

Қайта жаңартудан кейін автомобиль жолының 31 шақырымы I-ші «б» санатына, ал қалған 282 шақырымы ІІ санатқа келтіріледі. Бұл учаскеде екі деңгейлі қос жол айрығы салынады, 21 көпір мен 404 су өткізу құбыры қайта жаңартылады.

Алматы-ШҚО автожолын жөндеу басталды

Аталған автожол учаскесі Алматы облысы Алакөл көлінің туристік кластеріне енген. Былтыр жолдың осы бөлігінен 1,2 млн отандық және шетелдік турист өткен. Биыл 1,5-1,8 млн адам көлемінде турист жүреді деген болжам бар.

Естеріңізге сала кетейік, ШҚО және Алматы облыстарындағы жол құрылысы Мемлекет басшысының тікелей бақылауында екенін бұған дейін хабарлағанбыз.

Өзгелердің жаңалығы