Алматыда автобус пен жүк көлігі соқтығысты

28 Мамыр 2019, 17:03
1858
Бөлісу:
Алматыда автобус пен жүк көлігі соқтығысты

Алматы, BAQ.KZ. Алматыда фура мен автобус соқтығысты. Бұл туралы Zakon.kz хабарлады.

Жол апаты Сүйінбай даңғылында орын алды. 29 бағыттағы автобус жүргізушісінің айтуынша, ол оңтүстік бағытта кетіп бара жатқан және көлік іші студенттерге толы болған. Ол осы сәтте жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан егде жастағы әйел адамды өткізіп жіберу үшін тоқтайды. Мұнымен қатар сол жақта тағы үш жеңіл көлік тежегішке басыпты. Жаяу адамның жолды кесіп өте бергені сол-ақ екен қоғамдық көліктің жүргізуші қатты шыққан тежегіштің дауысын естиді. Ол айнасынан сол жақта тұрған жеңіл көлікке қарай қатты жылдамдықта фураның келе жатқанын көрген, кенет ол траекториясын өзгертіп, автобусқа қарай бет алған. Жолаушылар автобусының жүргізушісі дереу газ педаліне басады, бірақ қақтығыстан қашып құтылу мүмкін болмапты. Фура автобусты жаншып өткен.

Жойқын соққыдан жолаушылардың барлығы құлап түскен. Нәтижесінде екі студент жапа шегіп, олар ауруханаға жеткізілді.

Жол апатының мән-жайын анықтау полиция қызметкерлерінің еншісінде.

Өзгелердің жаңалығы