Алматыдағы автобус парктерінің бірі жұмысын тоқтатты

29 Маусым 2020, 15:35
1711
Бөлісу:
Алматыдағы автобус парктерінің бірі жұмысын тоқтатты

Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласы Мобилділік басқармасының басшысы Ерлан Әділов қаржылай мәселенің туындауына байланысты "АвтоТрансГаз" ЖШС жұмысын тоқтатқанын мәлімдеді.

Бұл мекеме қаладағы № 3, 16, 29, 29Р, 34, 47, 50, 85, 106, 107, 112, 126 бағыттар бойынша қызмет көрсетіп келген.

Қала әкімдігі, сондай-ақ, "АвтоТрансГаз" ЖШС жұмысын биыл қаңтар айында тоқтататыны туралы хабарлағанын жеткізді.

Компанияның жабылуы – бұл қалыпты бизнес үрдіс. Мекемедегі автобустардың бір бөлігі жаңартуды қажет еткен, ал компания оған дайын болмады. Сондықтан нарықтан кету шешімін қабылдады. Автобус бағыттарын өзге тасымалдаушыларға бөліп беру қарастырылған, олар жаңа автобус сатып алулары керек болған. Алайда пандемияға байланысты автобус сатып алуды кейінге қалдырды, - дейді әкімдіктегілер.

Өзгелердің жаңалығы