Алматы әуежайының қызметкерлері ПТР-сынамаларын қолдан жасап келген

19 Шілде 2021, 10:33
1530
Бөлісу:
Алматы әуежайының қызметкерлері ПТР-сынамаларын қолдан жасап келген

Алматы, BAQ.KZ. Алматы әуежайының екі қызметкері теріс ПТР-сынамасын жасағаны үшін ұсталды. Бұл туралы қалалық ПД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы қаласының халықаралық әуежайының аумағында жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Экстремизмге қарсы күрес басқармасы, Алматы қаласы ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Алматы қаласы бойынша ҰҚКД бірге, 1992 жылы туған Ж.есімді азаматты және 1993 жылғы И.есімді азаматты ұстады.

Белгілі болғандай, қамауға алынғандар шетелге шыққандар үшін теріс ПТР-сынамасын жасаған, барлығы шамамен 15-20 анықтама сатылды. Олар ПТР-сынамасын ұялы телефондағы арнайы қосымша арқылы өздері жасады.

Қызметкерлер клиенттің жеке деректері мен анықтаманың берілген күнін түзеткен, кейіннен заңсыз әрекетке барған әуе компаниялардың өкілдері жолаушыларды ұшаққа отырғызуға жіберді. Алынған қаражат өздері мен әуе компанияларының өкілдері арасында бөлінген.

Қазіргі уақытта жедел-тергеу іс-шараларының кешені жүргізілуде, қамауға алынғандардың осыған ұқсас теріс ПТР-сынамасын жасаған фактілерге қатыстылығы анықталуда. Тиісті сараптамалар тағайындалды. «Сатушылар», ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128 бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деді ведомствада.

Өзгелердің жаңалығы