Алматы ауданында 167,3 тонна жүгері жиналады

1 Қазан 2020, 10:00
1559
Бөлісу:
Алматы ауданында 167,3 тонна жүгері жиналады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысы Панфилов ауданында жүгері жинау науқаны басталды. Әр гектардан шаруа қожалықтары 64,1 центнерден өнім жинауды жоспарлап отыр.

Бұл туралы Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Жалпы, 26 мың гектардан астам жерден 167,3 тонна жүгері жиналады. Биыл облыста жүгерінің егіс алқабы 124 гектарға ұлғайтылды.

Панфилов ауданы әкімдігі хабарлағандай, жыл басынан бері ауыл шаруашылығы саласына 1 миллиард 20 миллион теңге инвестиция тартылды. 48 арнайы техника сатып алынды. 

«Аграрлық несиелік корпорация» АҚ арқылы 5 шаруа қожалығы 305 миллион 955 мың теңге несие алды. Ал 44 жеке кәсіпкерге 142,4 миллион теңге көлемінде жеңілдік шарттарында қаржылық қолдау көрсетілді. Сонымен қатар облысқа шаруа қожалықтары үшін арзандатылған бағамен сатылған 380 тонна дизель отыны жеткізілді, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы