Бас жаңалықтар
«Алматы аруы-2020» байқауының жеңімпазы белгілі болды
PHOTO
30 Қараша 2020, 13:56 876

«Алматы аруы-2020» байқауының жеңімпазы белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жиырма жастағы Асият Исембаева «Алматы аруы-2020» байқауының ең сұлу бойжеткені атағын жеңіп алды.

Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.

Енді Исембаева және үш вице-мисс 2021 жылы өтетін «Қазақстан аруы» ұлттық байқауының финалында Алматы атынан өнер көрсетеді.


Сондай-ақ көрермендер көзайымы жүлдесі бойынша дауыс беру қорытындысы жарияланды. People’s choice титулын Александра Розанова жеңіп алды. 

Айта кетсек, байқау жеңімпаздарды марапаттау рәсімі Көк-төбеде көрермендердің қатысуынсыз өтті. Қазылар алқасының мүшелері арасында «Алматы аруы-2020» байқауының директоры Совет Сейітов, әнші Айжан Нұрмағамбетова, «Алматы аруы-2019»  байқауының директоры Диана Әбішева және байқау демеушілерінің өкілдері болды.


Фото: дереккөз
Загрузка...