Бас жаңалықтар
Алматыда Әлеуметтік бейімдеу орталығына 152 қаңғыбас жеткізілген
27 Наурыз 2020, 20:45 165

Алматыда Әлеуметтік бейімдеу орталығына 152 қаңғыбас жеткізілген

Алматы, BAQ.KZ.  Бүгінде Алматыдағы Әлеуметтік бейімдеу орталығын тұрақты тұрағы жоқ 152 тұрғын паналайды. Орталықтың жұмысы штаттық режимде жалғасуда. Бұл туралы Алматы әкімдігі хабарлады.

Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының мәліметінше, аталған мекеме әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-психологиялық және әлеуметтік-медициналық қызметтерді толық көлемде әрі үздіксіз көрсетіп келеді. Енгізілген карантинге байланысты қызмет алушылардың орталық аумағынан шығуына шектеу қойылған. 

Бүгінде тұрағы жоқ азаматтардан өтініш түспеген. Десе де, барлық жағдай бақылауда. Тұрақты тұрағы жоқ азаматтар үшін Көксай кентінде арнайы ғимарат бөлінген. Белгілі тұрағы жоқ азаматтар бұл жерді карантин біткенге дейін паналай алады.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...