Алматы қаласы әкімінің кубогы «Желқабызға» бұйырды

6 Қазан 2019, 15:50
1622
Бөлісу:
Алматы қаласы әкімінің кубогы «Желқабызға» бұйырды
Фото: автордан

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыда өтіп жатқан «Тұлпар – 2019» жылқы көрмесі аясында ұшқыр бәйгеден Алматы қаласы әкімінің кубогы сарапқа салынды.

Биылғы жылғы бәйге маусымын аяқтаған тызетпелерден 5-номердегі «Желқабыз» атты ұшқыр бірінші орын алды.

Үш жастағы ұшқырлар 4000 метрді бағындырды. Бар-жоғы бес ат қатысан бәйгеде «Желқабыз» есімді жүйрік алдына қара салмай, дара келді.

4000 метрді 4 минут 34 секундта «Желқабыздан» 0,13 секунд қалып келген «Далмо» есімді жүйрік екінші орынды місе тұтса, осы қашықтықты 4 минут 49,6секундта өткен «Барса келмес» алғашқы үштікті түйіндеді.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Алматыдаелімізде алғаш рет жылқы көрмесі өтті.

Көрмеде жылқы тұқымдарына бөлініп, бірнеше алаң жұмыс істейтін болады. Атап айтар болсақ, «Ахалтеке тұқымы», «Араб тұқымы», «Ағылшын тұқымы» және «Пони және шағын жылқылар тұқымы» мен «Ауыр жүк тартатын тұқым» қатарлы алаңдар көрермендерге асыл тұқымды жылқыларды көрсететін болады. Сонымен қатар, көрме барысында алматылықтар мен жылқы сүйер қауымға экзотикалық жылқылар да таныстырылды.

Өзгелердің жаңалығы