Бас жаңалықтар
Алматы әкімі кәсіпкерлерімен ай сайын кездесуге ниетті
30 Қараша 2020, 22:43 163

Алматы әкімі кәсіпкерлерімен ай сайын кездесуге ниетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Бақытжан Сағынтаев өзі алғаш рет қатысқан Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің кеңейтілген отырысы барысында айтты.

Жиын барысында қала басшысы кәсіпкерлермен олардың қызметінің жүйелік мәселелерін талқылады.

Іс-шара Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшиннің, басқарма басшыларының, Алматы қаласы Өңірлік кеңесінің мүшелерінің, бизнесмендердің және Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы басшылығының қатысуымен өтті.

Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңес төрағасы, «Учёт» компаниясының басшысы Максим Барышев өз сөзінде бүгінде 7000-ға жуық кәсіпкерге тыйым салынғандықтан, өз қызметін қалпына келтіре алмайтындығын, оның ішінде боулингтер, бильярд бөлмелері, компьютерлік клубтар, сауда ойын-сауық орталығындағы ойын залдары, караоке бар екенін баса айтып өтті.

Сондай-ақ, ол тыйым салуды жалғастыратын салалардың экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішін экономиканың ең көп зардап шеккен салаларының қатарына қосуды, қызметкерлерге жалақы төлеу үшін 12 ай мерзімге пайызсыз несие түрінде мемлекеттік қолдау шараларын қарастыруды немесе жұмысты қайта бастағанға дейін бір айлық ең төменгі жалақы мөлшерінде жәрдемақы төлеуді жалғастыруды ұсынды. Бұдан басқа, тыйым салынған бизнес түрлері мен кірісі жоқ басқа да кәсіпкерлер үшін медициналық сақтандыруды жүзеге асыру бойынша мемлекеттік қолдау шараларын қарастыруды. Екі немесе одан да көп компанияларда жұмыс істейтін қызметкерлер үшін, негізгі жұмыс орнынан міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды төлеуды ұсынды.

Бұдан басқа, ол бизнестің жекелеген түрлерінің жұмысы бойынша бірқатар ұсыныстар айтты, оның ішінде – үй-жайдағы жалпы сыйымдылығының 30% - нан аспайтын қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмысына рұқсат беру, келушілермен тікелей байланысы жоқ тамақтану объектілерінің, сондай-ақ фудкорт қызметін қайта бастауға рұқсат беру, қатаң түрде келушілерді отырғызбай, алып кетуге.

Сондай-ақ, жиын барысында мониторингтік топтардың жұмысы, креативті индустрияларды дамыту, мектепке дейінгі білім беру, пандемия кезіндегі туризм, автобус парктері және басқа да мәселелер талқыланды.

 «Қазақстанның Ұлттық Өнеркәсіптік Палатасы» «Өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлер одағы» ЗТБ Басқарма Төрағасы Дмитрий Васильев, мониторингтік топтардың жұмысына қатысты көптеген сұрақтар, тіпті бизнес тарапынан шағымдар туындайтынын атап өтті. Ол олардың құрамын оңтайландыруды, көрнекілік элементтерін - мысалыға, төсбелгілерді қосуды ұсынды, сонда кәсіпкерлер бұл олардың алдындағы мониторинг тобы екенін бірден түсініп, жұмыс алгоритмін нақты сипаттайды.

Мониторингтік топтарға біздің жол полициясы, учаскелік полиция сияқты камералармен қамтамасыз етуді ұсынамын. Екіншіден – градацияны енгізуді ұсынамын: бірінші рет ескерту, екінші рет – айыппұл, үшінші және төртінші рет, егер бұзушылықтар әлі де жалғаса берсе - біздің халықтың ниетін бұзатын кінәлілерге бұған жауап беруі үшін үлкен айыппұлдар салу қажет, - деп өз ұсыныстарын «БастауЭнерго» ЖШС-ның  Бас директоры Артур Котенев енгізді.

Кездесуді қорытындылай келе, Алматы қаласының басшысы Бақытжан Сағынтаев барлық айтылған мәселелер алдағы уақытта қаралатынына уәде берді.

Енді осы айтылған мәселелер аясында 2021 жылға жоспар құрайық: біз не істеуіміз керек, не нәрсеге қол жеткізуіміз керек, алдымызға қандай жоспарлар қоямыз, оны қалай іске асыра аламыз - біз оны бір ай бойы пысықтап, желтоқсан айының соңында тағы да бір рет жиналайық, - деп Алматы қаласының әкімі мұндай кездесулерді ай сайын өткізуге ниетті екенін атап өтті.

Фото: дереккөз
Загрузка...