Алматыға жүздеген адам кіре алмады

11 Мамыр 2020, 10:56
2594
Бөлісу:
Алматыға жүздеген адам кіре алмады

Алматы, BAQ.KZ. Желіде "Алтын Орда" базары маңындағы блок-бекетте түсірілген видео тарады. Кадрдан Алматы облысында тұратын адамдардың қалаға кіре алмай, блок-бекеттің жанында топталып тұрғанын көруге болады.

Бүгін Қазақстан бойынша ТЖ алынғанымен Алматыда карантин режимі сақталып отыр. Таңертең қалаға қарай асыққан облыс тұрғындарын блок-бекеттен өткізбеді. Желіде тараған видеодан жүзден аса адамның қалаға өте алмай тұрғанын көруге болады. 
Бұған дейін қаланың бас санитары облыстан келіп жұмыс істейтіндер ғана Алматыға кіре алатынын айтқан еді. Оның өзінде де жұмыс орнынан арнайы анықтама алулары керек.

Алматы қаласы ПД-нің баспасөз қызметі "Алтын Орда" маңындағы блок-бекетте ешқандай тәртіпсіздік болмағанын хабарлады.

Таңертең ол жердегі блок-бекетте адамдар жиналды. Тәртіпсіздік болған жоқ. Жиналған адамдарға қаладағы 27 блок-бекет бұрынғы режим бойынша жұмыс істеп жатқаны түсіндірілді. Карантиндегі Алматы аумағы жабық. Тұрғындарды тек ресми ақпараттарға сүйенуге шақырамыз,-делінген хабарламада.
Өзгелердің жаңалығы