Алматыға Арыстан 75 бала келді

12 Шілде 2019, 20:14
1468
Бөлісу:
Алматыға Арыстан 75 бала келді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Алматы-2 теміржол вокзалына Арыстан келетін 75 оқушының алғашқы легі келіп түсті. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Балаларды анниматорлар, цирк артисі Мұрат Мұтұрғанов отбасымен және колледж студенттері «Арыс, Біз біргеміз!» флэшмобымен қарсы алды. Көңілді көріністер мен сыйлықтардан соң балалар демалу және күш жинау үшін «Өрнек» жазғы лагеріне жіберілді.

Алматы қаласы Оқушылар сарайының «Өрнек» сауықтыру лагерінде балалар 12 шілде мен 3 тамыз аралығында болады.

Үстіміздегі жылдың 23 шілдесінде Арыстан келетін тағы 75 оқушының екінші легі күтілуде. Олар да «Өрнек» лагерінде демалатын болады.

Өзгелердің жаңалығы