Алматылықтар 1,2 млрд теңгеге 4,5 мың VIP нөмір сатып алған

27 Ақпан 2020, 22:32
1613
Бөлісу:
Алматылықтар 1,2 млрд теңгеге 4,5 мың VIP нөмір сатып алған

Алматы, BAQ.KZ. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының мәліметіне сәйкес қымбат нөмірлерді сатып алушылар тізімін Алматы қаласы бастап тұр. 

Алматылықтар 1,2 млрд теңге көлемінде 4,5 мың нөмір сатып алған. Оңтүстік астанадан бөлек VIP нөмірлер үлкен сұранысқа ие аймақтар қатарына Нұр-Сұлтан - 2 мыңға жуық нөмір, және Шымкент - 1,5 астам нөмір, қалалары кірген.

Одан бөлек, бұл тізімді Солтүстік Қазақстан облысы түйіндеп тұр. Бұл жерде 99 адам ғана әдемі нөмірлерді сатып алған.

Дегенмен, қазіргі таңда VIP нөмірлердің сатылымы төмендеуде. Егер 2019 жылы мамандандырылған ХҚО арқылы қазақстандықтар жалпы сомасы үш миллиардтан астам теңгені құрайтын 12,5 мың әдемі нөмірді сатып алса, 2018 жылы 15000 мыңдай VIP нөмір 3,5 млрд теңгеге сатылған. Бұл жарты миллиардқа көп,-делінген хабарламада.

Статистикаға сәйкес өткен жылдың қаңтарында Алматыда 541 нөмір 136 450 100 теңгеге сатылған. Ал, 2020 жылдың қаңтарында 503 нөмір 136 450 100 теңгеге сатылған.

Сонымен қатар, 2019 жылдың 1 маусымынан бастап керекті сандар мен әріп белгілері бар нөмірлерді мамандандырылған ХҚО-лар мен ҚР ІІМ арнайы тіркеу-тестілеу бөлімшелерінен алуға болатын. Енді бұндай нөмірлер мамандандырылған ХҚО ғана қол жетімді. Олармен арнайы қабырға стендтерінен танысуға болады. Егер қалаған нөмір стендта жоқ болса қызмет алушы алдын ала сандық және әріптік белгілерді анықтап алып, тапсырыс бере алады,-делінген хабарламада. 

VIP-нөмірлер Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары үшін 5 күн, қалған аймақтарға 15 күнтізбелік күн ішінде дайын болады. Нөмірлер әзірленгеннен кейін ғана автокөліктер тіркеледі.

Өзгелердің жаңалығы