Алматыда жасыл экономикаға өту мәселелері талқыланды

20 Сәуір 2019, 12:34
2412
Бөлісу:
Алматыда жасыл экономикаға өту мәселелері талқыланды
Фото: автордан

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыда жасыл экономикаға өту жөніндегі ғылыми-практикалық сессия өтті.

Жиын барысында Алматы әкімінің орынбасары Ерлан Әукенов шаһардың жасыл экономикаға өту барысы жайлы айтты.

«Жасыл экономикаға өтуді біз ертерек бастаған едік. Егер қаладағы ғимараттардың сәулетіне қарайтын болсаңыздар осыдан 40-50 жыл бұрынғы салынған ғимараттар табиғатты қорғау стилімен жасалғанын байқайсыздар. Яғни, энергияны барынша үнемдеу, суды тиімді пайдалану және тағы басқалары. Мұның барлығы қаланың бас сәулетінде ескерілген», - дейді ол.

Сонымен қатар, ол жасыл экономиканы жандандыру үшін қаланы газдандыру, энергияны үнемдеу, көліктерден бөлінетін қалдық газдың деңгейін төмендету және шаһардағы автокөлік ифрақұрылымын жақасарту тұрғысында көптеген жұмыстар атқарылып жатқанын жеткізді.

«Қазіргі таңда қаланы ластауда басты орын алып отырған ол көліктерден бөлінетін қалдық газдар. Ол барлық лас қалдықтың 65% -ы. Стационаралық орындар, яғни жылу электр орталықтары 35% , ал жеке сектор 1% құрап отыр. Әлемнің өзге қалаларындағыдай бізде де көліктер ауаға көп зиынын тигізуде. Қазіргі уақытта Алматыда 520 мың автокөлік тіркелген және күніне сырттан 250 мыңдай көлік кіреді. Осы көліктердің қатарын сейілтіп, халықты автобусқа көшіру үшін жұмыстар атқарып жатырмыз. Бұл экологиялық ахуалды жақсартуға септігін тигізеді», - деді әкім орынбасары.

Оның айтуынша, қалада қазір жолаушыларды тасымалдайтын 1650 автобус бар, соның 600-ге жуығы газбен жүреді. Алдағы уақытта газбен жүретін қоғамдық көліктердің қатары көбейе бермек. Сонымен қатар, қала тұрғындарына қызмет ететін автобустардың саны жылдан жылға көбейетін болады.

«Қаладағы көлік инфрақұрылымын жандандыру мақсатында Үлкен Алматы айналма жолын салу алға қойылған. Осы жылдың мамыр айынан бастап оның құрылысы басталады. Ол қаладағы жүктемені 13% азайтады», - деді ол.

Жиын барысында сондай-ақ, Алматы мен Ванкувер қалалары жасыл экономика саласында ынтымақтаса жұмыс істеу жөнінде меморандумға қол қойды.

Кангадалық CERBA Іскерлік қауымдастық директорлар кеңесінің мүшесі Гордон Хаскинс Қазақстан мен Канада арасында жасалып жатқан ынтымақтастыққа өз үлесін қосатынына қуанышты екенін жеткізді.

«Жасыл экономика бағытында біздің көпжылдық тәжірибеміз бар, соны осында енгізуге дайынбыз. Өйткені Канада да экология,табиғат, қоршаған ортаны қорғау тақырыбы әрдайым маңызды орында. Сондықтан осы бағытта тәжірибемізбен бөлісіп, көмектесуге дайынбыз», - деді ол.

 

Өзгелердің жаңалығы