Алматыда су тасқынының алдын алу жұмыстары басталды

15 Қаңтар 2019, 16:38
4429
Бөлісу:
Алматыда су тасқынының алдын алу жұмыстары басталды
PHOTO

Алматы, BAQ.KZ. Қала әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары кезінде Әл-Фараби даңғылының оңтүстігіне қарай орналасқан Есентай өзенінің арналарын бекіту жұмыстарымен танысты. 

Жазда өзен жағалауындағы тротуарларды, спорт алаңдарын абаттандыру және жарық желілерін жүргізу басталады. 4000 ағаш отырғызу жоспарланған.

Алматыда су тасқынының алдын алу жұмыстары басталды

Қазіргі кезде ұзындығы 1,8 км болатын аумаққа тірек қабырғаларын орнату, өзен түбіне темірбетон төсеу және техникалық жолдарды абаттандыру жұмыстарының 65% орындалды. Атқарылған шаралар учаскеде су ауқымын күнделікті өткізу қуатын 10 есе арттырады.

Алматыда су тасқынының алдын алу жұмыстары басталды

Жобаны іске асыру барысында «Tokyo Rope Almaty» зауытында шығарылатын отандық өнімдер қолданылуда. Өндіруші әлемдік жоғары сапалы стандартқа сай ауыр габиондарға 50 жылдан астам кепілдік беруде.

Алматыда су тасқынының алдын алу жұмыстары басталды

Мегаполис басшысы селдің алдын алу жұмыстарына ерекше назар аударылатынын атап өтті. Соңғы үш жыл ішінде сел қаупі бар учаскелер 67-ден 12-ге қысқарды, тоғыз өзеннің арналары реконструкцияланды және 300 км арық желілері қайта жасалды. Жалпы, Бауыржан Байбек қаланы одан әрі дамытудағы басты қағида қауіпсіздік пен таза экология болуы тиіс деп есептейді.

Алматыда су тасқынының алдын алу жұмыстары басталды

Бұлардан өзге, Алматыда «Ақсай» және «Аюсай» жаңа су бөгеттерін салу жоспарланған, «Мыңжылқы» су бөгетін реконструкциялау аяқталып қалды. Ерменсай, Кереңқұлақ, Үлкен және Кіші Қарасу сияқты төрт өзеннің арналары бекітіліп, абаттандырылуда.

Қарғалы өзенінің бойындағы ұзындығы 7,7 км болатын аумақ бекітіліп, абаттандырылуда. ГЭС1–БАО мен Медеу-Шымбұлақ беткейлеріндегі қауіпті учаскелерге қорғаныс қондырғылары орнатылып, бекітілген.
Өзгелердің жаңалығы