Алмат Досмұхамедов: Астананы Нұр-Сұлтан деп атау орынды

23 Наурыз 2019, 17:55
1709
Бөлісу:
Алмат Досмұхамедов: Астананы Нұр-Сұлтан деп атау орынды

Солтүстік Қазақстан, BAQ.KZ тілшісі. Астана – қысқа ғана уақыт аралығында әлем назарын өзіне аудартқан айбынды Елордаға айналды. Бұл шаһарға «Нұр-Сұлтан» деп атау беру – маңызды әрі оң қадам. «Nur Otan» партиясы Қостанай облыстық филиалы төрағасының орынбасары Алмат Досмұхамедов ел тарихында болып жатқан жаңалықтарға қатысты пікірін білдірді.

«1991 жылы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тәуелсіз еліміздің тізгінін қолған алған кезде, мен алғаш рет мектеп табалдырығын аттадым. Осы сәттен мен үшін де, еңбегі былқылдаған жас еліміз үшін де жауапты кезең басталды. Оқуда озат болу үшін бар күш-жігерімді жұмсадым. Өйткені, Елбасы мен үшін үлгі болды. Қазір де солай. Ол ерен еңбегінің арқасында қарапайым жұмысшыдан бастап, еліміздегі ең жоғары лауазым – Президенттікке дейін көтерілді. Бұл жай ғана қызмет сатысы емес. Оның арғы жағында ұйқысыз түндер, дамылсыз күндер, өлшеусіз еңбек жатыр», - дейді Алмат Досмұхамедов.

13 жылдан бері мемлекеттік қызмет саласында жұмыс істеп жүрген ол,  көп дүниені көңіліне түйгенін айтады. 

«Біз әлемнің кез келген мемлекетіне барып, Қазақстаннан келгенімізді мақтана айта аламыз. Ең бастысы, егемен елімізде туып-өскен жастар Қазастанда өз болашағына сеніммен қарай алады. Достарыма да ойымды үнемі айтып жүремін. Осының барлығы Ұлт көшбасшысының сарабдал саясаты мен еңбегінің, сарқылмас қуатының жемісі. Сондықтан, Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚР Президенті ретінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті-Елбасына «Халық Қаһарманы» атағын беріп, «Алтын Жұлдыз» айрықша ерекшелік бeлгiciне лайық деп тануын – ерекше қабылдадым. Қазақстанның бүгін жеткен белесін бағындыруға сіңірген еңбегі үшін астанамызды «Нұр-Сұлтан» деп атау өте орынды деп ойлаймын. Ақмола – қасқа ғана уақыт аралығында сәулеті мен дәулеті жарасқан алып шаһарға айналды. Бұл қадам - шетелдік сарапшылардың жоғары бағасына ие болды. Қазақстанның азаматы ретінде осы жетістіктердің барлығын – Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен байланыстырамын», - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы