Алмас Әмзеев: Қазақстан полицейлері қоғамдық қауіпсіздік пен ішкі тұрақтылықты қамтамасыз етіп келеді

23 Маусым 2021, 11:20
7428
Бөлісу:
Алмас Әмзеев: Қазақстан полицейлері қоғамдық қауіпсіздік пен ішкі тұрақтылықты қамтамасыз етіп келеді
Сұхбат

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін, 23 маусым – Полиция күні. Атаулы мерекеге орай, Шымкент қаласы ПД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Алмас Әмзеевпен шымкенттік полицейлердің қызметтегі жетістіктері жайында әңгімелестік. 

- Алмас Балтабайұлы, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауында полицияның ашықтығын және халыққа жақын болуын, сонымен қатар полицияны сервистік модельге ауыстыруды тапсырған болатын. Осы тапсырманы орындау барысында қандай жұмыстар атқарылды? 
- Шымкент қаласы ПД берілген тапсырмаларға сәйкес, жүйелі түрде жұмыстар атқарып келеді. Атап айтқанда, Президент Жолдауында айтылған - өкілеттіктерді нақты бөлумен үш деңгейлі қылмыстық іс жүргізу моделін енгізу 2020 жылдың 31 желтоқсанынан бастап заңды күшіне енді.

«Е-ҚІ» форматы бойынша қылмыстық істерді тергеп-тексеру үшін барлық тергеу және анықтау құрылымдарының қызметкерлері 100 пайыз толық фукционалды 400 дана компьютерлермен қамтамасыз етіліп отыр.

Сондай-ақ сервистік полиция қағидатын жүзеге асыру мақсатында осы жылдың ақпан айынан бері «Police 102» мобильдік қосымшасы іске қосылып, бүгінгі таңда 294 хабарламаға қызмет көрсетілді.

Сонымен қатар қала бойынша 100 дабыл нүктесін орнатуға қолайлы орындар қарастырылды.

Қала халқының саны мен аумағы ұлғаюына байланысты заманауи үлгіде 100 мобильдік полиция пунктерін салу жоспарланып отыр.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының аясында халықпен тиімді кері байланысты орнатуда біршама қадам жасадық.

Сондай-ақ интернет желісінде департаменттің ресми веб-порталы, әлеуметтік желілерде ашылған ресми парақшалары халыққа қызмет етіп жатыр. Яғни, онда түскен сұрақтарға дер кезінде жауаптар беріліп келеді. Одан бөлек, «WhatsApp» әлеуметтік желісінде «Мониторинг бойынша жұмыс тобы» чаты құрылған. Қазіргі таңда оның 162 тұрақты қатысушысы бар. Осы чатқа 2 000-ға жуық қала тұрғындары полицияның қызметіне қатысты сыни ақпараттарды жолдады. Қазіргі күні оларға қатысты тәртіптік шаралар қолданылып жатыр. Азаматтарды полиция органдарының ғимараттарында қабылдау мақсатында аудандық полиция басқармаларында «Фронт-офистер» ашылды. 

- 2021 жылы Шымкент қаласы бойынша тіркелген құқық бұзушылықтар саны қысқарды ма, қылмыстың ашылу деңгейі қандай?

- Осы жылдың 4 айында орын алған бірқатар қылмыс түрінің саны төмендеп отыр. Атап айтқанда, орта дәрежелі қылмыстар - 12,8%-ға, ауыр дене жарақат салу қылмысы - 13%-ға, қарақшылық - 18,2%-ға төмендеген.

Жалпы қылмыстардың ашылуы 48,5%-дан 52,9%-ға жақсарған. Кісі өлтіру, қарақшылық, бұзақылық қылмыстардың, ауыр және аса ауыр қылмыстарын ашу жақсарып отыр.

Қоғамдық қауіпсіздік саласына келетін болсам, қоғамдық орындағы қылмыстар - 28,1%-ға (1551-ден 1115-ке), көшеде жасалған қылмыстар - 19,2%-ға (808-ден 653-ке), жасөспірімдермен жасалған қылмыстар - 47,4%-ға (57-ден 30-ға) төмендеген.

- Алмас Балтабайұлы, қылмыстың алдын алу және болдырмау мақсатында қандай іс-шаралар ұйымдастырылады? 

Бұл мақсатта «Қауіпсіз квадрат», «Көрші назары», «Учаске», «Құқықтық тәртіп», «Пробация», «Өзіміздің полиция» және тағы басқа жедел профилактикалық іс-шаралар өткізілді. Тұрғындардың сұрауымен криминогендік ахуалы нашар 8 мөлтек ауданында арнайы іс-шаралар өткізілді.

Сондай-ақ «Қауіпсіз жол», «Автобус», «Абайлаңыз балалар» жедел профилактикалық іс-шаралары өткізіліп отырады. Жалпы 83 мыңға жуық әкімшілік құқықбұзушылықтар анықталды, оның ішінде көлік жүргізушілерімен жол ережесін бұзған 75 мыңға жуық құқықбұзушылық анықталды.

Жасөспірімдер арасындағы және оларға қарсы жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында «Жасөспірім», «Түнгі қаладағы балалар» және «Қауіпсіз мектеп» жедел-профилактикалық іс-шаралары өткізілді.

Іс-шаралар барысында, түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүрген 1 мыңға жуық жасөспірім анықталды, ойын-сауық орындарында болған 50 жасөспірім анықталса, қадағалаусыз жүрген 10 жасөспірім бейімдеу орталығына орналастырылды.

Ювеналды полиция инспекторлары күнделікті 147 мектептердің аумағында орналасқан жаяу жүргіншілер жолағында оқушылардың сабағына қауіпсіз келіп-кетуін қамтамасыз етуге бекітілген.

Нәтижесінде кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстар саны 47,4%-ға немесе 57-ден 30-ға төмендетуге қол жеткізілді.

Одан бөле,к осы жылы 1500 дана бейнекамера сатып алынды.

- Полиция қызметкерлерінің әлеуметтік қорғалуы қалай? Қандай оң өзгерістер бар?

- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қарашадағы қаулысына сәйкес ІІО тұрғын үйді жалдау үшін өтемақы алуға құқығы бар қызметкерлердің лауазым санаттары кеңейтілді.

Биылғы жылдың сәуір айында 730 қызметкер тұрғын үйді жалдау үшін ақшалай өтемақы төлеуге өтініш жазған. Оның ішінде республикалық бюджет бойынша 223 қызметкер, ал жергілікті бюджет бойынша 507 қызметкер құжат тапсырған.

Сондай-ақ 2021-2023 жылдардың ішінде ІІО қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларын кезең-кезеңмен арттыру көзделіп, 1-кезең бойынша бірқатар басқарма қызметкеріне санаттары бойынша 55%, 65%, 20% үстемақы қосылды.

2-кезең бойынша 2021 жылдың қаңтар айынан бастап 17% үстемақы қосылды.

- Алмас Балтабайұлы, парамен күрес мәселесі қалай болып жатыр?

- Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің және Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері бірлесе отырып, қала аумағында автокөлік жүргізушілеріне өздерінің міндеттері түсіндіріліп, пара ұсынбау туралы ескертіп, түсіндірме кітапшалары таратылды.

Осы мақсатта «сенім телефоны» арқылы өтініштер қабылдануда және барлық қызметкерлерге күнделікті түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, арнайы журналдарға қол қойдырылуда.

Жеке құрам арасында түрмедегі өмірі туралы бейне фильмдер және заңбұзушылықтар туралы және оларға қолданылып жатқан шаралар туралы бейнероликтер көрсетіледі.

Қылмыс жасаған қызметкердің тікелей басшыларының тәртіптік шарасы Департаменттің тәртіптік кеңесінде қаралып, атқарып отырған лауазымынан босатуға дейін тәртіптік шаралар қолданылуда.

Сонымен қатар, Арнайы мобильді топ күнделікті тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Аталған жұмыстардың нәтижесінде полиция қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық қылмыстары әлдеқайда төмендеп отыр.

- Полицейлер күніне орай әріптестеріңізге айтар тілегіңіз...

- Шымкент қаласы Полиция департаменті басшылығымен жеке өз атымнан ІІО ардагерлерін, полиция қызметкерлерін, олардың отбасы мүшелерін Ішкі істер органдарының төл мерекесі - 23 маусым Қазақстан полициясы күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Мемлекеттің мүдделері мен азаматтардың құқықтарын қорғай отырып, Қазақстан полицейлері еліміздің тыныштығын сақтауда жан-тәнімен беріліп, төзімділік танытып, заңдылықты, қоғамдық қауіпсіздікті және ішкі тұрақтылықты қамтамасыз етіп келеді.

Айтулы мереке күні барлықтарыңызға зор денсаулық, баянды бақыт, отбасыларыңызға береке-бірлік және еңбекте толағай табыс тілеймін! Ел үшін атқарған еңбектеріңіз елене берсін!

- Әңгімеңізге рахмет, еңбегіңіздің жемісін көре беріңіз!

Өзгелердің жаңалығы