Тәжікстанда алма мен жүзім күндері тойланатын болады

19 Тамыз 2019, 16:05
2199
Бөлісу:
Тәжікстанда алма мен жүзім күндері тойланатын болады

Нұр-Сұлтан,BAQ.KZ. Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон екі мемлекеттік мерекені атаулы күндер тізіміне қосу туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Zakon.kz.

Бұдан былай тәжіктердің күнтізбесінде екі атаулы күн қосылады – жүзім мерекесі мен алма мерекесі.

Жүзім мерекесі тамыздың үшінші сенбісінде, ал алма мерекесі қыркүйектің үшінші сенбісінде атап өтіледі. Осылайша, 2019 жылғы 21 қыркүйек Тәжікстанда мерекелік күн болып жарияланды.

«Президенттің шешіміне сәйкес, барлық министрлік, ведомство, Тәжікстанның қала және аудандарындағы атқарушы органдарға жүзім және алма мерекесін өткізуді қамтамасыз ету тапсырылды», - делінген хабарламада.


Өзгелердің жаңалығы