Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жеміс-жидектер тоңазытқышта 10-12 айға дейін сақталатын көрінеді.
BBC сайтының мәліметіне сәйкес, АҚШ ғалымдары табиғи жолмен бұзылып кетпейтін алмаларды өсіріп шығарды.
Дәмі қышқыл, әрі тәтті алмалардың бір келісінің құны 4,5 долларды құрайды. Вашингтон университетінің ғалымдары Honeycrisp және Enterprise сұрыптарының тасымалдана тозаңдандыру әдісі арқылы өсірген, - делінген хабарламада.
Тәжірибе жұмыстары 22 жылға созылған. Ал жобаны іске асыру үшін 10 млн доллар көлемінде қаржы жұмсалған. Нәтижесінде селекционерлер мәйегінде қышқылдану процесі баяу жүретін жемісті өсіріп шығарды. Осындай бірегей технологияның арқасында алмалар бір жылға жуық уақытқа сақталады.
Соңғы мәліметтерге сәйкес, Вашингтон штатының фермерлері осындай жаңа алмадан 12 млн түп алма ағашын еккен.