Алкоголь өнімдерін заңсыз сатқан жеке кәсіпкер анықталды

6 Қараша 2020, 02:30
2582
Бөлісу:
Алкоголь өнімдерін заңсыз сатқан жеке кәсіпкер анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жеке кәсіпкер алкоголь өнімдерін заңсыз сатқан, деп хабарлайды Polisia.kz.

Екібастұз қаласының полиция басқармасы алкоголь өнімдерін сату бойынша заңсыз әрекеттің жолын кесті.

2020 жылғы 5 қарашада азық-түлік базарына өткізілген рейдтік іс-шара барысында бутиктердің бірінде жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері алкогольдік өнімдерді лицензиясыз және акциздік маркасыз заңсыз сату фактісін анықтады, – деді Екібастұз қаласы ПБ бастығының бірінші орынбасары Қайыржан Шәкәрғалиев.

Жеке кәсіпкер 5 литрлік пластик ыдыстарға құйып, спирттік ішімдіктерді заңсыз сатумен айналысқан. Одан 35 литр спирт алынды.


Өзгелердің жаңалығы