Алкоголь мен темекі өнімдеріне ілеспе жүкқұжаттарын жазып беру бұғатталады

21 Сәуір 2021, 15:47
2336
Бөлісу:
Алкоголь мен темекі өнімдеріне ілеспе жүкқұжаттарын жазып беру бұғатталады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Этил спирті, алкоголь және темекі өнімдеріне ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу қағидаларының күші жойылып, орнына тауарларға ілеспе жүкқұжаттары енгізілген. Бұл жөнінде ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.

Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті бұдан бұрын алкоголь және темекі өнімдерінің айналымы жасалған кезде алкоголь мен темекі өнімдеріне ілеспе жүкқұжаттар рәсімделгенін хабарлайды.

Премьер-министрідің бірінші орынбасары – Қаржы министрінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 1424 бұйрығымен бір мезгілде тауарларға ілеспе жүкқұжатты енгізе отырып, этил спирті мен алкоголь өнімі мен темекі өнімдеріне ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу қағидаларының күші жойылды.

Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» заңның 9-бабының 5-тармағына, «Темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» Заңның 11-бабының 2-тармағына сәйкес тауарларға ілеспе жүкқұжатсыз айналымына және орнын ауыстыруына тыйым салынады, - деп ескертті Мемлекеттік кірістер комитеті.

Осыған байланысты 2021 жылғы 21 сәуірде сағат 20.00-ден 22.00-ге дейін алкоголь мен темекі өнімдеріне ілеспе жүкқұжаттарын жазып беруді бұғаттайтын жаңартуды орнату жоспарлануда.

Осылайша, кәсіпкерлік субъектілері алкоголь және темекі өнімдерінің айналымын жасаған кезде тауарларға ілеспе жүкқұжаттарын (ТІЖ) ресімдеуі қажет, - деп хабарлады МКК баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы