Әлімхан Ермеков атындағы шәкіртақы тағайындалады

9 Маусым 2021, 15:50
1757
Бөлісу:
Әлімхан Ермеков атындағы шәкіртақы тағайындалады

Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қарағанды техникалық университетінде қазақтың тұңғыш математик-профессоры Әлімхан Ермековтың құрметіне атаулы шәкіртақы тағайындалмақ. Бұл жайында білім ордасының ректоры өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.

Көpнeктi қoғaм жәнe мeмлeкeт қайpaткepi, Aлaшopдa үкiметiнiң мүшeci, мaтeмaтикадaн тұңғыш қaзaқ пpoфеccopы Әлiмxaн Epмeкoвты ұлықтау, сондай-ақ студенттерді ынталандыру мақсатында университет ұжымы атаулы шәкіртақы тағайындау жайлы шешімге келген.

Қазіргі уақытта оқытушылар мен білім алушыларды мемлекет тарапынан, жергілікті атқарушы билік, сондай-ақ университет тарапынан әлеуметтік қолдауға көп көңіл бөлініп келеді. Оның ішінде жастарға деген қолдау ерекше. Шәкіртақы көлемі ұлғайды. Біздің университет те студенттерді ынталандыру мақсатында бюджеттік емес қаржы көзінен ай сайын 40 ректорлық шәкіртақы төлейді. Бұған қосымша 1 қыркүйектен бастап Әлімхан Ермеков атындағы стипендия тағайындау жайлы шешімге келдік,- дейді Қарағанды техникалық университетінің ректоры Марат Ибатов.

Әлімхан Ермеков аталған университеттің Жоғарғы математика кафедрасында 1955-1961 жылдар аралығында жұмыс істеген. Ұлы математиктің есімі университеттің №307 аудиториясына берілген.



Өзгелердің жаңалығы