Алимент төлемеген әкенің бас бостандығына шектеу қойылды

10 Қараша 2020, 23:40
1639
Бөлісу:
Алимент төлемеген әкенің бас бостандығына шектеу қойылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысы Ақтоғай ауданының прокуратурасы алимент төлеуден жалтарған 39 жастағы жергілікті тұрғынға қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Ер адам төрт жылдан астам уақыт бойы  7 және 12 жастағы балаларын асырау міндетінен жалтарған. Ол сот орындаушысының сот актісін орындау туралы талаптарын мүлдем елемеген. Екі күн әкімшілік қамауға алынғаны да ешқандай нәтиже бермеді, - дейді облыстық прокуратурада.

Борышкер бейресми түрде жұмыс істеген және тұрақты жалақы алып тұрған. 

Сот дәлелдерді ескере отырып, балаларына алимент төлегісі келмеген әкені бір жылға бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындаумен кінәлі деп тапты. Сот үкімінің негізінде борышкер мәжбүрлі түрде жұмыс істейтін болады. Сот жүктеген міндеттерді орындамаған жағдайда тағайындалған жаза бас бостандығынан айыруға ауыстырылады.

Айта кетерлігі, қадағалау органының үйлестіру жұмысы мен полицияның күш-жігерінің арқасында заң бұзушының кінәсін дәлелдеуге болады.

Өзгелердің жаңалығы