Бас жаңалықтар
Алимент төлемеген әке пәтерінен айырылды
01 Қазан 2020, 12:33 168

Алимент төлемеген әке пәтерінен айырылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Екібастұз қаласының тұрғыны алимент төлеуден жалтарғаны үшін пәтерінен айырылды. Бұл туралы Әділет министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Павлодар облысының жеке сот орындаушысы алимент бойынша қарызы үшін Екібастұз қаласы тұрғынының 4 бөлмелі пәтерін сатты. 2016 жылдан бері немқұрайлылық танытқан әке баласына жалпы сомасы 2,2 млн теңге мөлшерінде алимент қарыз болып қалған. Борышкер бірнеше рет жеке сот орындаушысына шақырылып, баласын асырауға алимент төлеу қажеттілігі туралы ескертілді. Алайда, ол сот шешімін назарға алмай, туған баласына көмектесуге асықпады, - деді министрлік.
Осыған байланысты Павлодар облысының жеке сот орындаушысы Екібастұз қалалық сотына жылжымайтын мүлікті өндіріп алу туралы ұсыным берді.
Кейіннен электрондық аукцион қорытындысы бойынша жоғарыда аталған пәтер 4,6 млн теңгеге сатылды. Жеке сот орындаушысының іс-әрекетінің арқасында бала заңмен белгіленген 2,2 млн теңге мөлшеріндегі қаражатқа ие болды, қалған сома борышкерге қайтарылды, - делінген хабарламада.


Фото: дереккөз
Загрузка...