Әлихан Смайылов Қытайда бірқатар кездесу өткізді

20 Наурыз 2019, 12:25
2170
Бөлісу:
Әлихан Смайылов Қытайда бірқатар кездесу өткізді

Астана, BAQ.KZ. Қытай тарапының шақыруымен ҚХР-ға жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрі Әлихан Смайылов ҚХР Мемлекеттік Кеңесі Премьерінің орынбасары Хань Чжэнмен, ҚХР Бас кеден басқармасының басшысы Ни Юэфэнмен және ҚХР Қаржы министрі Лю Куньмен кездесулер өткізді.

ҚХР Мемлекеттік Кеңесі Премьерінің орынбасары Хань Чжэнмен кездесу барысында Әлихан Смайылов екіжақты өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылады.

Тараптар "Нұрлы Жол" ЖЭС-ның және "Жібек жолы экономикалық белдеуі" құрылысы бастамаларын сәйкестендіру инфрақұрылымды, инвестиция мен сауданы, өнеркәсіпті, көлікті, мәдени-гуманитарлық алмасуды дамытуда ҚР-ҚХР бар әлеуетін іске қосуға мүмкіндік бергенін ризашылықпен атап өтті.

Әлихан Смайылов пен Хань Чжэн экспортқа бағытталған өнімді шығару бойынша бірлескен өндірісті ашу жөнінде ынтымақтастықты одан әрі жүргізу мүмкіндігі туралы ортақ пікірге келді. Жоғары пысықталған деңгейдегі жобаларды табысты іске асыру үшін Қазақстан-Қытай өндіріс қуаттарының ынтамақтастығы қорының әлеуетін іске қосу туралы уағдаласты.

Тараптар ҚХР қаржы институттарының «Астана» халықаралық қаржы орталығымен стратегиялық ынтымақтастығын орнату мүмкіндігін талқылады. Сондай-ақ тараптардың өзара табысты іс-қимылға мүдделілігіне ерекше көңіл аударылды. Нақты сандармен дәлелденген ҚР мен ҚХР арасындағы көлік-логистикалық ынтымақтастықты дамытудың жоғары қарқынын атап өтті. Мәселен, қазақстандық шекарадағы («Достық – Алашонқоу» және «Алашонқоу – Қорғас») теміржол өткелдері «Қытай – ЕО - Қытай» бағыты бойынша контейнерлік теміржол тасымалдарының 56%-ын қамтамасыз етеді. «Қорғас – Шығыс қақпалары» арнайы экономикалық аймағы, «Қорғас» халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығы жобалары сәтті іске асырылуда.

ҚР-ҚХР ынтымақтастығы жөніндегі комитеттің төрағалары бола отырып, Әлихан Смайылов пен Хань Чжэн қос тарап үшін өзара тиімді жобалардың практикалық іске асырылуын ерекше бақылауға алуға уағдаласты.

Сондай-ақ ҚР Премьер-министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрі Әлихан Смайылов ҚХР Бас кеден басқармасының басшысы Ни Юэфэнмен кездесіп, екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері және ҚР мен ҚХР кеден қызметтері арасындағы іске асырылып жатқан жобаларды талқылады.

Бүгінгі таңда ынтымақтастықтың басты міндеттерінің бірі бірқатар жыл бойы орын алып келе жатқан ҚР мен ҚХР арасындағы кеден статистикасы мәліметтерінің сәйкес келмеуі деңгейін төмендету болып табылады. Осы міндетті шешу тұрғысында тараптар ҚР Қаржы министрлігі мен ҚХР Бас кеден басқармасы арасындағы Сыртқы сауда кеден статистикасы саласында әдістемелік және ақпараттық өзара іс-қимыл туралы хаттамаға алмасатын ақпарат құрамын кеңейту бөлігінде өзгерістер енгізу қажеттігі туралы ортақ пікірге келді. Сондай-ақ, Тараптар ҚХР экспорттық декларациясынан ақпаратты алу қажеттілігімен келісіп, осы бағыттағы өзара іс-қимылды күшейтуге уағдаласты. Тәжірибе ретінде басқа өткізу пункттеріне тарату арқылы онлайн тәртібіндегі экспорттық декларацияны беру іске асырылатын болады, бұл бюджетке кедендік төлемдер мен салық алымының толықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді және мәліметтердің сәйкес келмеуін төмендетуге ықпал етеді.

2018 жылдың қорытындылары бойынша ҚХР-да ҚР-ның ауыл шаруашылығы өнімі импортының өсуін атап көрсете отырып, ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық нәтижелеріне қанағаттандырушылық білдірді және осы бағытта жұмыс істеуге дайындығын растады.

Сондай-ақ Әлихан Смайылов ҚХР Қаржы министрі Лю Куньмен кездесті.

Кездесу барысында тараптар елдің ағымдағы экономикалық жағдайын талқылап, «Бір жол – бір белдеу» бастамасы мен «Нұрлы Жол» бағдарламасының шеңберіндегі өзара іс-қимыл, жобалық және тауарлық қаржыландыру саласында қаржы институттары арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту мүмкіндіктері туралы пікір алмасты. Тараптардың басты назарында макрореттеу, салық реформаларын жүргізу, бюджеттік басқару, қаржы ынтымақтастығы саласындағы өзара іс-қимыл мәселелері болды.

Тараптар Қытаймен сыртқы сауда қатынастарының серпіні көбіне Қазақстан аумағындағы бірлескен жобаларды іске асырумен анықталатындығына көңіл аударды. 2018 жылдың қорытындылары бойынша Қытай ҚР-ның ірі инвесторларының қатарында 4-ші орынды иеленіп отыр. ҚХР-ның ҚР-ға инвестицияларының негізгі салалары: көлік және жинау (инвестициялардың жалпы көлеміндегі үлесі – 35,4%), тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді жасау (16,8%), өңдеуші өнеркәсіп (13,1%), құрылыс (12%), қаржы және сақтандыру қызметі (14%).

Бұдан өзге, тараптар бірлесіп іске асырылып жатқан жобалар бойынша пікір алмасып, жобаның әрқайсысы бойынша оңтайлы шешімдерді қабылдау қажеттігі туралы ортақ пікірге келді. ҚР-ҚХР ынтымақтастығы жөніндегі комитеттің шеңберінде көпжақты стратегиялық әріптестікті нығайту үшін шаралар қабылдау туралы келісті.

Өзгелердің жаңалығы