Алик пен Алтай онлайн кездесті

19 Мамыр 2020, 21:20
1336
Бөлісу:
Алик пен Алтай онлайн кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Астана - адалдық алаңы" жобасы аясында Агенттік төрағасы Алик Шпекбаев және елорда әкімі Алтай Көлгінов онлайн режимде кездесті.

Кездесуге аудан әкімдері мен қалалық басқарма басшылары қатысты.

"Астана – адалдық алаңы" жобасының жетекшісі, елорда әкімінің кеңесшісі, қалалық мәслихат депутаты Мирас Шекенов атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Жоба аясында "ашық әкімдік" тұжырымдамасы бойынша елорданың барлық аудан әкімдіктерінде азаматтарға қызмет көрсететін заманауи фронт-кеңселер ашылған. Өткен жылдан бастап кәсіпкерлерге қызмет көрсететін жаңа "iQala" орталығы жұмыс істеуде. Бюджеттің ашықтығын қамтамасыз ету бойынша "Ашық бюджеттердің интерактивті картасы" мен "Бюджетке қатысу" жобалары іске асуда.

"IQala" қалалық қызмет көрсету орталығының басшысы Руслан Жұмаділов орталықтың жұмысы туралы атап өтті.

Орталықта "бір терезе" қағидаты бойынша 131 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі.

Орталық басшысы карантин кезінде жүк көлігімен азық-түлік және азық-түлікке жатпайтын тауарларды Нұр-Сұлтан қаласына және Нұр-Сұлтан қаласы арқылы тасымалдайтын жүргізушілерге арналған жаңа "жасыл дәліз" қызметі туралы толығырақ баяндады.

Жүргізушілер post.iqala.kz сайты арқылы өтініш беріп блок бекеттен кедергісіз өтуге мүмкіндік алған. Өтініш тікелей "Сергек: блок бекеті" қосымшасына түседі.

Жүк көлігінің жүргізушісі сайтқа кіріп, қалаға кіру/шығу, көліктің нөмірін, ЖСН, тасымалданатын жүктің атауын, олардың санын және жүретін жолын көрсетіп өтініш толтыру қажет.

Өтініш берген кезде ЭЦҚ және басқа да құжаттар талап етілмейді. Бұл қызмет түрі Нұр-Сұлтан қаласына ғана қатысты.

Блок бекетте ақпараттарды қолмен толтырудың қажеті жоқ. Бұл жаңашылдық жүргізушілер үшін уақыт үнемдеуге мүмкіндік береді. Адамдармен тікелей байланыс болмайды.

"Астана – адалдық алаңы" жобасының менеджері, "Мы за Чистую Страну" экологиялық қозғалысының ұйымдастарушысы Шасалим Шагалимов елорданың экологиялық жағдайын бақылауға арналған "Zhasyl Qalqan" мобильді қосымшасын таныстырды. 

Жоба менеджерінің айтуынша, қосымшаның көмегімен экологиялық бұзушылықтарды анықтауға, экологиялық акцияларды ұйымдастыруға және қатысуға, сондай-ақ қала тұрғындары отырғызған барлық ағаштарды тіркеуге және картаға белгілеуге болады.

Сіз ағаш отырғыздыңыз. Содан кейін қосымшаның көмегімен талды суретке түсіресіз, одан кейін отырғызылатын жерді, ағаштың түрін, биіктігі мен жасын, диаметрін, отырғызу күнін белгілейсіз. Белгілегеннен кейін автоматты түрде QR код шығады. Егер сіз оны басып шығарып, ағашқа тақтайша етіп іліп қойсаңыз, онда біздің қосымшамыздың көмегімен кез-келген адам осы ағаштың тарихы туралы барлық ақпаратты оқи алады. Қазіргі уақытта біздің қосымшамызды iKomek 109 бірыңғай байланыс орталығына біріктіру процесі жүріп жатыр, - деді Шасалим Шагалимов.

"Zhasyl Qalqan" мобильді қосымшасы сізге әртүрлі экологиялық акциялардың ұйымдастырушысы немесе қатысушысы болуға, сондай-ақ жергілікті әкімдіктерге проблемалық аймақтарды көруге мүмкіндік береді. Қосымшаның толыққанды жұмыс істеуі экологиялық бұзушылықтардың азаюына ықпал етеді. 

"Zhasyl Qalqan" қосымшасы "Play Маркет" және ресми сайтта қол жетімді.

Алик Шпекбаев еліміздегі жобалық кеңселер жүзеге асырып жатқан бастамалар туралы айтты. Қоғамда сыбайлас жемқорлықты қабылдамауды қалыптастыру мақсатында Агенттік халық арасында парасаттылық қағидатын насихаттауда. Іске асырылған жобалар тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жоюға және азаматтарға қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

Алтай Көлгіновтің айтуынша, халық пен бизнес өкілдерінің мемлекеттік және басқа да қызмет түрлерін алу процестерін барынша жеңілдету ұйымдардың жұмысында тиімділікті арттырады, қызметтерді алу процесін жеңілдетеді және тұтынушыға бағытталған барлық ұсынылатын қызметтердің ашықтығын қамтамасыз етеді.

Елорда әкімі бюджетті және әкімдіктің ведомстволық бағынысты ұйымдарын оңтайландыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы атап өтті.

Оңтайландыру нәтижесінде 32 млрд теңгеден астам қаражат үнемдеуге мүмкіндік берген.

Әкім сондай-ақ қаржылық шығындарды, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға және өтініш берушілердің уақытын үнемдеуге мүмкіндік беретін тұрғын үй коммуналдық шаруашылық қызметтерін автоматтандыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы бөлісті.

Кездесу соңында "Астана – адалдық алаңы" жобасын дамыту және кеңейту бойынша алдағы жоспарлар мен міндеттер талқыланды.
Өзгелердің жаңалығы