Бас жаңалықтар
Әлихан  Бөкейханның 155 жылдығына арналған халықаралық конференция өтті
03 Наурыз 2021, 00:25 628

Әлихан Бөкейханның 155 жылдығына арналған халықаралық конференция өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскемен қаласында Әлихан Бөкейханның 155 жылдығына арналған «Тірі болсам, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын!» атты халықаралық ғылыми конференция өтті.

Бұл туралы Өскемен қаласының Мәдениет, ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы Қалқаман Сарин әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен Оралхан Бөкей атындағы кітапхана бірлесе өткізген ауқымды шараға Қазақстан, Түркия және Ресей елдерінің жоғары оқу орындарының алаштанушы, әлихантанушы тарихшы-ғалымдары қатысты.

Алқалы жиынды Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар алғы сөзімен ашты. Осыдан кейін Әлихан Бөкейханның Тәуелсіздік жолындағы қызмет-күресі хақындағы ғылыми-зерттеулерге кезек берілді. Тарихшы ғалымдар Алаш көсемінің қайраткерлігі хақында жан-жақты деректер келтіре отырып, келелі ойларымен бөлісті. Екі сағатқа жуық жалғасқан конференция, азаттығымызға ақ жол салған Әлихан Бөкейхан мен Алаш қозғалысының мұрасы бүгінгі ұрпақтың өмірлік ұстанымына айналу үшін аса маңызды шаралардың бірі болып отыр. Осы мақсатта алқалы жиынға ұсынылған ғылыми зерттеулер алдағы уақытта кітапша болып басылып шығатын болады, – деп жазды Қалқаман Сарин.

Әлихан Бөкейхан – «Алаш» ұлт-азаттық қозғалысының көсемі, қазақтың тұңғыш саяси партиясын құрушы, Алашорда автономиялық үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы болған дара тұлға.



Фото: дереккөз
Загрузка...