Әлихан Байменов ең үлкен өкінішін айтты

19 Қазан 2021, 13:02
20886
Бөлісу:
Әлихан Байменов ең үлкен өкінішін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Астана мемлекеттік қызмет хабы басқарушы комитет төрағасы Әлихан Байменов «Желмая» жобасында айтты.

Менің әкем Кеңес дәуірінде 4-5 жыл күресіп жүріп, 1982 жылы мешіт ашқызған еді. Екі рет қуғын-сүргінге ұшыраған. Сол кісі тәуелсіздікті көрмей кетті деп өкінемін. Тәуелсіздікті көргенде ғой, шіркін, - деді Әлихан Байменов. 

Сондай-ақ Байменовтың пікірінше, балаларға кәсібилік пен еңбекқорлық керек.

Қай кәсіп болмасын, халыққа керек кәсіп болса, соның соңына түсіп, күнделікті еңбек ететін адамды батыр деуге болады. Мен – қазақпын, мұсылманмын. Мен - Қазақстанның патриотымын, - деді ол. 

Байменов ата-анасы мен өмірден ерте кеткен достарын, араласқан зиялы қауым өкілдерін сағынатынын айтты. 

Кейде балалық шақты да сағынасың. Бірақ мен тек сағынышпен өмір сүруге болмайды деп ойлаймын. Реті келгенде сағыныш сезімі пайда болады. Мысалы, Жезқазған не Қарсақбайға барғанда еске түсіп, алғашқы ұстазыңды да сағынасың, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы