Бас жаңалықтар
Әли Оқапов анасы жайлы: 60-тан асқан әйелдің заманауи клуб музыкасын түсінбеуі қалыпты жағдай
VIDEO
07 Шілде 2021, 20:50 6646

Әли Оқапов анасы жайлы: 60-тан асқан әйелдің заманауи клуб музыкасын түсінбеуі қалыпты жағдай

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әнші Әли Оқапов анасы Роза Рымбаеваның Imanbek туралы айтқан сөзіне қатысты пікір білдірді. Ол бұл жайлы инстаграмдағы парақшасында айтты.

Кейінгі болған жайттарға байланысты пікір білдіруді ұйғардым. Біріншіден, бұл жерде менің не қатысым барын түсінбеймін. Бұл жанжалға менің не қатысым бар? Ол сұхбатты мен берген жоқпын, ол сұрақтарға жауап берген мен емес. Негізі менің түк қатысым жоқ. Жалпы осындай жайт болғаны өкінішті. Екіншіден, мен анамның айтқанымен келіспеймін. Мен оны бірден сол күні сұхбатты көрген кезде айттым. Мен анама келіп, оның айтқаны қате екенін айттым. Неліктен? Себебі, біріншіден, анам айтқан музыкалық сауаттылыққа байланысты айтар болсақ, меніңше, "Грэммиде" үміткерде музыкалық білімі бар ма, жоқ па бәрібір секілді. Кез келген сәтте, бұған дейін де дарынның болуы маңызды. "Грэммиді" тек дарының болса аласың. Диплом не бэкграундтың түкке қажеті жоқ. Иманбектің жағдайында да ол факт, - деді Әли Оқапов.

Әли анасының "сәттілікке" қатысты айтқан сөзі туралы ойын айтты.

Сәттілікке қатысты, кез келген адамның өмірінде сәттілік үлкен роль атқарады. Иманбектің жағдайында да сол. Айтпақшы, бұл туралы өзі де айтқан болатын. Ол бір сұхбатында бастапқыда жай ремикс жасап, оны "ВКонтакте" желісіне жүктеп, біраз уақыттан кейін бір паблик оны көріп, сосын тарай бастағанын айтқан. Яғни ол паблик ремиксті байқамағанда не болар еді? Одан бөлек желіде өз тыңдарманын таба алмай жүрген қаншама мықты ремикс бар? Сондықтан бұл жерде сәттілік факті де бар. Ол керемет қой. Жалпы айтқанда Иманбектің бағы бар. Одан бөлек, Roses ремиксі "Грэммисіз" де әлемдік хитке айналды деп есептеймін, - дейді Әли.   

Әли Оқапов анасы Роза Рымбаева мұндай мәлімдемені бүкіл ел алдында жасағаны дұрыс болмағанын айтты. 

Бірақ ол да өз пікірін айтуға құқығы бар. Сіздердің де өз пікірлеріңізді айтуға қақыларыңыз бар және 60-тан асқан әйелдің заманауи клуб музыкасын түсінбеуі қалыпты жағдай. Үнемі солай болатын. Біздің ата-анамыз да "Не тыңдап отырсың? Бұл не? Бұл музыка емес қой" деп айтқан кездері болды. Біз де бір кезде жаңа толқынды түсінбейтін кезге жетеміз. Шыны керек, қазірдің өзінде жаңа музыка әуендерін түсінбей жатамын. Бірақ ол қалыпты жағдай. Ол өмір ғой. Олар оны түсінбегені үшін кінәлі емес. Себебі олардың кезінде бәрі басқаша болатын. Олар өткен кезеңнің адамдары. Олар басқаша тәрбиеленген, оларға бәрі басқаша түсіндірілген, олардағы стандарт басқаша болатын, кумирі басқа болатын, - деді әнші.  

Естеріңізге сала кетейік, осыдан біраз уақыт бұрын Роза Рымбаева Иманбекке қатысты ойын айтқан болатын. Әншінің пікіріне қатысты Иманбек те өз көзқарасын жеткізген. Сонымен қатар, бұл қарама-қайшылыққа қатысты мәжіліс депутаты да өз пайымын айтқан еді.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...
// (function (d, w, c) {(w[c] = w[c] || []).push(function () {try {w.yaCounter34776245 = new Ya.Metrika({id: 34776245,clickmap: true,trackLinks: true,accurateTrackBounce: true,webvisor: true,trackHash: true});} catch (e) {}});var n = d.getElementsByTagName("script")[0],s = d.createElement("script"),f = function () {n.parentNode.insertBefore(s, n);};s.type = "text/javascript";s.async = true;s.src = "https://mc.yandex.ru/metrika/watch.js";if (w.opera == "[object Opera]") {d.addEventListener("DOMContentLoaded", f, false);}else {f();}})(document, window, "yandex_metrika_callbacks");//