Әли Бектаев елдегі жағдайға байланысты пікір білдірді
8 Қаңтар, 16:49 1153

Әли Бектаев елдегі жағдайға байланысты пікір білдірді

Нұр-сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Парламент Сенатының депутаты Әли Бектаев мәлімдеді.

Елбасына күн туған кезеңдер болады. Дәл қазір сондай уақыт деп есептеймін. Себебі біздің, осы халқымыздың тыныштығына, біздің еліміздің, жеріміздің тұтастығына, біздің тәуелсіздігімізге қатер төндірген оқиғалар болып жатыр. Олар әлі де бәсеңсіген жоқ. Сыртта, мүмкін дайындықтан өткен, мүмкін, осы ішімізде жүріп-ақ осыны ұйымдастырып жүрген азаматтар бар шығар. Бірақ, негізгі мақсат не екенін кешелі бері біз көріп жатырмыз. Осы екі-үш күннен бері. Біздің халқымыздың басын біріктіретін осы еліміздің болашағы. Еліміздің экономикасын, әлеуетін арттыруда, дамытуда кемшіліктер жоқ емес, бар. Кемшіліктер болады да. Дамыған мемлекеттердің барлығында да кемшіліктер бар. Бірақ, біздің негізгі мақсатымыз, негізгі мүддеміз, негізгі ниетіміз - ол біреу. Ол біздің мемлекетіміздің дамуы, біздің мемлекетіміздің тұтастығы, біздің жеріміздің тұтастығы, біздің одан кейін тәуелсіздігіміздің туының биік болуы. Дәл осы жағдайда біз Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың төңірегіне топтасуымыз керек деп ойлаймын. Дәл осы жағдайда біз бір көк тудың астына жиналуымыз керек. Ол көк тудың біздің Президентіміздің бүгінгі таңда қабылдап жатқан шешімдерінің барлығы да, қабылдап жатқан кейбір қатаң шешімдерінің өзі де осы елдің мүддесі үшін, елдің қауіпсіздігі үшін, біздің мемлекетіміздің тұтастығы үшін, -деді ҚР Парламенті Сенатының депутаты. 

Оның айтуынша, біздің кең-байтақ жерімізге қызығып, талан-таражға салғысы кеп жатқандар да жоқ емес.

Оны былайша айтқан кезде екі-үш күнде болып жатқан оқиғалар көрсетіп те тұр. Осы жағдайларға байланысты түрлі халықаралық ұйымдар, халықаралық сарапшылар түрлі ой-пікірлер айтуы мүмкін. Бірақ біз өз жағдайымызды өзіміз ойлауымыз керек. Өз жағдайымызды өзіміз шешуіміз керек. Өзіміздің проблемамызды тек қана өзіміз бірліктің арқасында, ынтымақтың арқасында, осындай бір, былайша айтқанда қаныпезерлермен күрестің арқасында, күрестің төңірегінде бірігудің арқасында жеңе аламыз. Қазір бұқаралық ақпарат құралдарында көптеген қоғам қайраткерлерінің, зиялы қауым өкілдерінің, спортшылардың белгілі, сондай-ақ жай кәсіпкерлер мен азаматтардың ой-пікірлері көп беріліп жатыр. Мен сол кісілердің ойларын, ниеттерін, тілектерін қолдаймын. Шынында да біз бұл мемлекетті болашағымыз үшін, балаларымыз үшін құрып жатырмыз. Осы мемлекетті қазақ халқы өзі құрды. Өзі басына берген бағы деп есептейді. Сол басымызға берген бақтан айырылып қалмас үшін біз тек қана бірлікпен, ынтымақпен осы елімізді ары қарай дамыту үшін жұмыс істеуміз керек, өмір сүруіміз керек, күресуіміз керек. Ол бір күнде бола салатын нәрсе емес. Ол ұзақ мерзім, ол ұзақ уақытты талап ететін нәрсе. Сондықтан да ол тек қана бір ереуіл арқылы, болмаса бір көтеріліс арқылы шешіліп бәрі керемет жақсы болып кетеді дегенге ешкім сенбейді, -деді Әли Бектаев. 

Бектаевтың сөзінше, біз тек Президентіміз қабылдаған жоспарлар арқылы бұл тығырықтан шыға аламыз. 

Небір түрлі-түсті революция болып жатқан мемлекеттерді көріп жатырмыз. Біреуінің жағдайы оңған емес. Біреуінің экономикасы көтерілген жоқ. Біреуінің жағдайы жақсарып кеткен жоқ. Жүздеген жылдарға, ондаған жылдарға төмендеп кетті. Әлі көтеріле алмай келе жатыр. Қазақстанның біз бүгінгі таңда жеткен жетістігіне әлі ешкім жете қойған жоқ. Осы біз ғана Кеңестер Одағынан бөлінген мемлекеттердің арасында. Біз осы жетістіктен, осы биіктен түсіп қалмауымыз керек. Өкінішке орай, осындай жағдай болды.Енді сол жағдайдан Президентіміз қабылдаған шешімдер арқылы, Президентіміз қабылдайтын тағы да нақты жоспарлары арқылы біз әлі бұл жағдайдан да шығамыз. Жағдаймыз, мемлекетіміздің болашағы бұдан да жақсы болады деген әңгімені айтты бүгін Президентіміз өзінің осы халыққа Жолдауында. Шынында да біздің мемлекетіміздің бұдан да мықты болуына бар мүмкіндігі бар. Ол үшін басымыз бір болуымыз керек, іргеміз бір болуы керек, -деді Әли Бектаев. 


Фото: дереккөз
Загрузка...