Алғыс айту күні. Атырауда дәрігерлерге ерекше сый жасалды

1 Наурыз 2021, 20:52
3325
Бөлісу:
Алғыс айту күні. Атырауда дәрігерлерге ерекше сый жасалды
Фото: автордан

Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Атырауда  Алғыс айту күнінде ақ халаттыларға ерекше сый жасалды. 

Пандемия кезінде алдыңғы шепте болған медицина қызметкерлеріне атыраулық кәсіпкер жергілікті суретші жастардың туындыларын тарту етті. Ол Нұрғиса Тілендиев атындағы кіші өнер академиясының оқушыларына ақ халаттылардың жеке портреттеріне тапсырыс беріп, сатып алыпты. Өз бейнелері сомдалған туындыларды сыйға алған медицина қызметкерлері риза болды. 

Алғыс айту күні. Атырауда дәрігерлерге ерекше сый жасалды

Бүгінгі атаулы күнде өзгеше сый алып қуанып жатырмыз. Бұл халықтың құрметі. Әрине, індет кезінде жұмыс жасау оңай болмады. Бірақ елдің қолдауы ерекше болды. Еңбегімізді елеп, сый жасап жатқан жандарға ризашылығымызды білдіреміз, - дейді дәрігер-эпидемиолог Өміргүл Қостаева. 
Алғыс айту күні. Атырауда дәрігерлерге ерекше сый жасалды

Сыйды дайындаған кәсіпкер Жалғас Қобданов. Ол адам жанының арашасы болған ақ халаттыларымызға алғысым дейді. Ал шараны Атырау облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы ұйымдастырған. 

Атырау облысы Жастар саясаты мәселелелері басқармасының бастамасымен атыраулық жастары болып, жас суретшілер мен кәсіпкерлер, волонтерлар  бірігіп, пандемия кезінде ерекше еңбек еткен, бізге қорған болған ақ халатты абзал жандарымызға өз алғысымызды білдірудеміз. Соның аясында бірқатар кешенді іс-шараны жоспарладық. Шараның ерекшелігі індет кезінде күні-түні еңбек еткен медицина қызметкерлеріне алғыс айту,-дейді Атырау қалалық Жастар ресурстық орталығы басшысы Серік Қадыров.

Өзгелердің жаңалығы