СҚО-да Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің алғашқы сервистік орталығы ашылды

21 Қараша 2019, 18:04
2936
Бөлісу:
СҚО-да Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің алғашқы сервистік орталығы ашылды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Петропавл қаласында "Аntikor ortalygy" сервистік орталығы ашылды. Салтанатты ашылуға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев қатысты. Бұл туралы агенттіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Орталықтың тұсаукесерінде территориялық департамент басшысы Ернар Баянғазин орталықтың ашылуы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мекеменің ашықтығына жасалған тағы бір қадам деп атап өтті.

Орталық "Open space" форматында екі қабатта орналасқан. Мұнда электрондық кезек қарастырылған. Азаматтардың заң кеңестерін алуына, басшылықтың қабылдауына жазылуына мүмкіндігі болады. Сондай-ақ, кәсіпкерлерге арналған "Protecting business and investments" жобасының фронт кеңсесі ашылды, - деді Ернар Баянғазин.

Қоғаммен кері байланысты күшейту мақсатында баспасөз орталығы ашылды.

WhatsApp Image 2019-11-21 at 17.55.56.jpeg

Орталықта Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы солтүстік өңірдің жұртшылығымен кездесті. Облыс әкімінің атынан жиналғандарды әкімнің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов қарсы алды.

Орталық келушілерге неғұрлым жайлы жағдай жасауға бағытталған. Мұндай кеңселер халықпен өзара қарым-қатынастың жаңа, ашық түрі, ол азаматтардың сенімін арттыруға ықпал етеді, - деп атап өтті облыс әкімінің орынбасары.

Әңгімелесу барысында қоғам белсенділері өз пікірлерімен бөлісті.

Жангелді Тажин сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық-насихат штабының жұмысы туралы әңгімеледі. Бұл идеяның таяуда ғана туындағанына қарамастан, штаб мүшелері жұмысты бастап кеткен.

Біз жас мемлекеттік қызметшілермен кездесіп, жемқорлыққа қарсы саясаттың қағидаттарын дер кезінде халыққа жеткізіп, өңір басшыларына зерделенген ұсыныстар беру мақсатында құрылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы облыстық штаб туралы айтып бердік. Штабтың құрамына қоғам белсенділері, депутаттар, кәсіпкерлер палатасының, білім беру, СҚО ҚХА өкілдері және т.б. кірді. Дәл осы сәтте құрылған штабтың жұмысына ардагерлер кеңесінің белсенділерін де тартып, ақпараттық іс-шараларды күшейтудің тиімділігін көріп тұрмын, - деп мәлімдеді Жангелді Тажин.

Өз кезегінде, арнайы мониторинг тобының жетекшісі Александр Бодуновский қоғамдық жұмыстың нақты мысалдарымен бөлісті.

Қазір мүгедектігі бар жандарға мемлекеттік және жеке меншік мекемелерде қол жетімді орта жасау шараларына баса назар аударылуда. Жалпы, жыл басынан бастап мүгедектігі бар жандарға нысандардың қол жетімділігі бойынша 37 мониторинг сапарына шықтық, 424 нысан тексерілді. 400-ден аса ұсыныстар берілді. 35 нысан бойынша өкілетті органға шағым жолдадық, - деді Александр Бодуновский.

Жалпы, идеялар мен ұсыныстар көп түсті.

Алик Шпекбаев кездесуді қорытындылай келе, қоғам белсенділері мен ардагерлерге шынайы, белсенді жұмыстары үшін алғыс білдірді.

Біздің бәріміз жұмылып, жайлы жағдай жасауға жұмыс істеуіміз керек. Қазақстанда алғашқы сервистік орталықтың ашылуы азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асырудың сапалы әрі жаңа кезеңін бастаудың белгісі, - деп нақтылады Шпекбаев.

WhatsApp Image 2019-11-21 at 17.55.55.jpeg


Өзгелердің жаңалығы