Әлеуметтік желіде Тоқаевтың атынан ашылған фейк аккаунттар көбейіп кетті

17 Сәуір 2019, 17:46
3064
Бөлісу:
Әлеуметтік желіде Тоқаевтың атынан ашылған фейк аккаунттар көбейіп кетті
PHOTO

Алматы, BAQ.KZ. Соңғы кездері әртүрлі әлеуметтік желілерде Мемлекет басшының атынан ашылған фейк аккаунттар көбейіп кетті. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлім етті. 

Баспасөз хатшысының айтуынша, президент атынан фейк аккаунт ашып, сол арқылы жалған ақпарат таратып жатқандар да бар, кейбірі оны коммерциялық мақсатта қолданып жатқан көрінеді.

«Осыған байланысты барша әлеуметтік медиа қолданушылар мен БАҚ өкілдеріне ескертеріміз - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына ресми тіркелген екі аккаунт қана бар. Олар: Twitter желісінде 2011 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан - @TokayevKZ, сондай-ақ, 2019 жылдың сәуір айында Instagram желісінде ашылған @tokayev_online аккаунты. Барша әлеуметтік желі қолданушыларды Мемлекет басшысы туралы нақты расталған ақпарат алу үшін жоғарыда көрсетілген ресми аккаунттарға ғана жүгінуге шақырамыз», - деп жазды ол Facebook парақшасында.

Әлеуметтік желіде Тоқаевтың атынан ашылған фейк аккаунттар көбейіп кетті
Өзгелердің жаңалығы