Бас жаңалықтар
Әлеуметтік желі арқылы діни экстремизмді насихаттағандар қолға түсті
15 Маусым 2021, 07:15 888

Әлеуметтік желі арқылы діни экстремизмді насихаттағандар қолға түсті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістанда әлеуметтік желілер арқылы діни экстремизмді насихаттаған күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды elorda.info.

Polisia.kz мәліметінше, Түркістан облысы полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілдері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Facebook және Twitter пайдаланушылары парақшаларында деструктивті діни ағым идеологиясын насихаттайтын экстремистік сипаттағы бейнероликтер мен басқа да материалдарды анықтады.

Аталған жайт СДТБТ-ға қылмыстық кодекстің 405-бабы, 2-бөлігі (қоғамдық немесе діни бірлестіктің не өзге де ұйымның экстремизмді немесе терроризмді жүзеге асыруына байланысты олардың қызметіне тыйым салу не жою туралы сот шешімінен кейін қайта ұйымдастыру) әрі 256-бабы, 2-бөлігі (терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға жария түрде шақыру) бойынша тіркелді.

Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру шаралары барысында экстремистік материалдардың таралуына қатысты күдікті ретінде Түркістан облысының төрт тұрғынын құрықтады. Сотқа дейін жинақталған іс-құжаттар айыптау актісімен бірге сотқа жолданды.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...