Әлеуметтік топтардың мүддесі басты назарда болады – Байбек

12 Қаңтар 2021, 15:49
1465
Бөлісу:
Әлеуметтік топтардың мүддесі басты назарда болады – Байбек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек сайлаудағы жеңіске қатысты пікір білдірді.

 «Nur Otan» партиясы 71,09% дауыс жинады. Барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауында да біз айқын жеңіске жеттік. Елбасы, партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей, «Nur Otan» партиясының басты мақсаты – халықтың тұрмысын жақсарту және елдігімізді нығайта беру. Ел болып біріге білсек, алынбайтын асу жоқ. Басымызға түскен қиындықтарды біз әрдайым бірге еңсеріп, жетістіктерге бірлесе жетеміз, - деді ол.

Сондай-ақ, ол «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасы – еліміз бен өңірлерді алдағы 5 жылда дамытудың дайын жоспары екенін атап өтті. Ол Елбасының 5 институционалдық реформасының бағдарын жалғастырады және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында қойылған міндеттерді қамтиды.

«Nur Otan»-ның бағдарламасы – егжей-тегжейлі есептелген, қаржылық және нақты ресурстармен қамтылған шаралар. Алғаш рет жоспарлау тәсілі де өзгерді. Мұнда салалық емес, страттық қағидат негізге алынды. Бұл ретте нақты әлеуметтік топтардың мүддесі басты назарда болады. Елбасы айтқандай, енді партиямыз сайлауалды уәделердің және Мемлекет басшысының пандемия салдары мен экономикалық дағдарысты еңсеру бойынша қойған міндеттерінің барлық деңгейде іске асырылуын қамтамасыз етуі тиіс. Алдымызда атқаратын ауқымды жұмыс бар, -деді Бауыржан Байбек.

Партия төрағасының орынбасары «Nur Otan» партиясына дауыс беру арқылы жасампаздық пен Қазақстанның өркендеу жолын таңдаған барша азаматтарға алғысын білдірді.

Өзгелердің жаңалығы