Әлеуметтік төлем тағы кімдерге төленеді?

14 Шілде 2020, 16:11
1204
Бөлісу:
Әлеуметтік төлем тағы кімдерге төленеді?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Шілдеде карантин шараларына қатысты әлеуметтік төлем тағы кімдерге төленетінін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен онлайн баспасөз конференциясында айтып берді.

Үшінші тоқсанда атаулы әлеуметтік көмек екінші тоқсанда алған азаматтарға автоматты түрде тағайындалады. Егер бұл тұлғалар екінші тоқсанда 42 500 теңге алып, БЖТ төлесе, бұл төлем азаматтардың кірісінде есептелмейді. Екінші мәселе мүмкіндігі шектеулі азаматтарға байланысты. Егер де мүгедектік мерзімін ұзарту карантин кезеңіне сәйкес келсе, ол қажетті мемлекеттік төлемдермен қоса, 3 айға дейін ұзартылатын болады. Бұл айда 29 мыңға жуық адамның мерзімі ұзартылады, - деді ол. 

Нұрымбетов ТЖ кезінде аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік көмек көрсетілгенін айтты. 

Біз екі ай бойы аз қамтылған отбасыларға, мүгедектігі бар бала асыраушыларына, барлық топтағы мүгедектер мен жұмыс беру орталықтарында жұмыссыз деп тіркелген азаматтарға азық-түлік алуға азын-аулақ көмек көрсеттік. Бұл көмек шілде де көрсетіледі. Бұл шара 1 млн 50 мың адамды қамтиды, - деді ол. 

Айта кетейік, Нұрымбетов баспасөз конференциясында 42 500 теңге кімдерге және қалай төленетінін айтқан еді.

Өзгелердің жаңалығы