ШҚО-да халыққа көмек көрсететін бірыңғай әлеуметтік терезелер ашылды

21 Сәуір 2019, 10:55
2297
Бөлісу:
ШҚО-да халыққа көмек көрсететін бірыңғай әлеуметтік терезелер ашылды

Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. «Халыққа көмек» жобасы іске қосылғалы екі ай ішінде әлеуметтік бірыңғай терезелерге мыңнан астам өтініш түсіп, 321 өтініш оң шешімін тапты. Бұл жөнінде «Nur Otan» партиясы ШҚОФ төрағасының орынбасары Әнуарбек Мұхтарханов хабарлады.

«2019 жыл елімізде үлкен саяси оқиғалармен басталды. Ол «Hұp Отан» партиясының кезекті 18 cъезі, мемлекет басшысының конституциялық жолмен ауысуы, Елордамыздың атауы Нұр-Сұлтан болып өзгеруі. Елімізде қандай саяси өзгерістер болмасын – Қазақстан Республикасының даму векторы мен біздің Тұңғыш Президентіміз, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев салған сара жол мен саясаты өз жалғасын табады. Мұндай жағдайда «Hұp Отан» партиясы стратегиялық басымдықтарды жүзеге асыруға, жаңғырту бығытындағы барлық бастамаларды әрі қарай жалғастыруда маңызды рөл атқарады», - деді Әнуарбек Мұхтарханұлы.

Естеріңізде болса, «Nur Otan» партиясының кезекті ХVIII сессиясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Халыққа көмек», «Бақытты отбасы»,«Құтты мекен»,«Ауыл - ел бесігі» сынды 4 жалпыұлттық жобаны іске асыруды тапсырған болатын. Оларды іске асыру мақсатында 19 наурыз күні облыс әкімдігінің қаулысымен іс-шаралар жоспары бекітілді.

«Халыққа көмек» жобасы қағидасына сәйкес партия филиалдарының қоғамдық қабылдау бөлімдерінде өңірдің кез келген тұрғыны жүгініп көмек ала алатын 20 бірыңғай әлеуметтік терезе ашылды. Барлық келіп түскен өтініштер «қазір және осы жерде» қағидасымен қаралады. Ашылған уақыттан бері, яғни 20 ақпаннан бергі уақыт аралығында бірыңғай әлеуметтік терезелерге 3 мыңнан астам адам жүгініп, 1174 өтініш түскен. Олардың 321-і оң шешімін тапса, қалғаны әлі де қарастырылу үстінде», - деп қосты Әнуарбек Мұхтарханов.

Өзгелердің жаңалығы