Әлеуметтік осал топтарға көмек көрсету жалғасады - Алшанов

9 Сәуір 2020, 15:08
1827
Бөлісу:
Әлеуметтік осал топтарға көмек көрсету жалғасады - Алшанов

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Қорға жиналған қаражаттың 136 млн теңгесін көмекке жұмсадық. Бұл жұмыстар жалғасын табады. Бұл туралы "Жаңа Алатау" қоғамдық қоры қамқоршылық кеңесінің төрағасы Рахман Алшанов онлайн брифинг барысында айтты.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда еліміз қиналып жатқан адамдарға көмек беру жұмысы жалғасып жатыр. Алматы қаласының "Жаңа Алатау" қорына 256 млн теңге жиналған.

Соның ішінде "Жаңа Алатау" қорына бірінші болып 100 млн теңге Елбасы қорынан келіп түсті. Барлығы 256 млн теңге жиналды. Ол депутаттар, кәсіпорындар мен меценат азматтардың арқасында жиналып отыр. Қазір біз оның 136 млн теңгесін жұмсадық, - деді ол.

 Оның ішінде 12 млн теңгеге азық-түлік салынған себеттер алынып, әлеуметтік ұйымдарға көмек көрсетілген. 6 интернат, жастар қоғамдық үйіне, мүгедектерге, зейнеткерлерге, көпбалалы отбасыларға, ардагерлерге, әлеуметтік ұйымдарға азық-түлік, маска және антисептик құралдары үйлестірлген.

 Рахман Алшанов сөз арасында кейбір ұйым да "қолдау көрсетсеңіздер" деп өтінішпен шығып жатқанын айтты. 

Қазір қала әкімдігі 18 мың адамның тізімін жасады. Оның қатарында ардагерлер, көпбалалы аналар бар, сонымен қатар бұған дейін І және ІІ топтағы мүгедектерге көмек берілсе, енді ІІІ топтағылар да қосылды. Бұлардың бәріне көмек көрсетіледі, - деді ол.

Оның айтуынша, бұл бағытта күніне 25-30 көлік жолға шығады, волонтерлер азық-түлікті әзірлеу бойынша жұмыс істеп жатыр екен. Бұрын азықты волонтерлер жеткізіп отырса, енді "Қазпошта" арқылы жіберіп жатыр екен.

Өзгелердің жаңалығы