Әлеуметтік осал отбасынан шыққан балалар «Астана Операда» қонақта болды

23 Қараша 2021, 15:14
1277
Бөлісу:
Әлеуметтік осал отбасынан шыққан балалар «Астана Операда» қонақта болды
PHOTO
Фото: Артём Чурсинов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Астана Опера» әртістері елордада әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың балаларына шеберлік сабағын өткізді.

«Астана Операның» кішкентай қонақтары Қазақстанның еңбек сіңірген әртістерімен танысып, опера өнерінің бас ғимаратына экскурсия жасады, сондай-ақ вокалдан шеберлік сабағына қатысты.

Әлеуметтік осал отбасынан шыққан балалар «Астана Операда» қонақта болды

Елорданың әлеуметтік осал отбасыларынан шыққан балаларға арналған бұл іс-шара алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Шеберлік сабағы «Астана Операда» Бибігүл Төлегенованың XI Халықаралық вокалистер байқауы аясында өтті.

Әлеуметтік осал отбасынан шыққан балалар «Астана Операда» қонақта болды

Балалар театр мұражайына, үлкен зал галереясына және Барокко залын тамашалап, ән айтып, сондай-ақ ҚР еңбек сіңірген әртістерінің орындауындағы түрлі музыкалық туындылардың партияларын тыңдады.

Әлеуметтік осал отбасынан шыққан балалар «Астана Операда» қонақта болды

Іс-шараға «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының, «Мирас» қоғамдық ұлттық мәдениет қоры» ҚҚ өкілдері, «Астана опера» әртістері және «Замандас» отбасылық аула клубтарының балалары қатысты.

Әлеуметтік осал отбасынан шыққан балалар «Астана Операда» қонақта болды

«Замандас» отбасылық аула клубтарының балалары вокал үйірмелеріне қатысады. Сол себепті олардың көпшілігі осы шығармашылық бағыттың негіздерін біледі және түсінеді.

Әлеуметтік осал отбасынан шыққан балалар «Астана Операда» қонақта болды

Бүгінгі кездесу әлеуметтік жобаларды дамыту қорының бастамасымен жыл соңына дейін ұйымдастырылатын шеберлік сағаттарының сериясын ұсынады. Алғашқы іс-шараны КСРО және Қазақстанның Халық әртісі, академик Бибігүл Төлегенова ашты. Өзінің бейне үндеуінде ол қатысушыларға сәттілік тілеп, жылы сөздерін білдірді.

Әлеуметтік осал отбасынан шыққан балалар «Астана Операда» қонақта болды

Ал «Samruk-Kazyna Trust» қорының ресми өкілі Мирас Іргебаев балаларға іс-шара ресми болмағандықтан, өздерін еркін сезінулерін сұрады.

Әлеуметтік осал отбасынан шыққан балалар «Астана Операда» қонақта болды

Бүгін іс-шараға «Замандас» клубының балалары келіп отыр. Елордада мұндай 5 аула клубы бар. Онда 2 700-ге жуық бала қосымша білім алады. Бұл үйірмелерде балалар тегін оқиды. Біздің қор әрқашан балалар үшін дамудың жаңа көкжиектерін, сондай-ақ оқыту мен өзін-өзі дамытудың түрлі мүмкіндіктерін ашуға және таң қалдыруға тырысады. Бүгін біз тағы бір танымдық және жарқын оқиғаның куәсі болғанымызға қуаныштымыз. Әртістермен және олардың қызметімен танысып, «Замандас» балақайлары шығармашылықтағы мансапқа шабыт алып, болашақта Бибігүл Төлегенова байқауына қатыса алады деп ойлаймын. Вокал - бұл біздің қоғамда терең құрметтелетін және талантты жас орындаушылардың назарына лайық тамаша бағыт, - деп атап өтті Мирас Іргебаев.
Әлеуметтік осал отбасынан шыққан балалар «Астана Операда» қонақта болды

Балалар кездесуден жағымды әсер алып қана қоймай, барлық заманауи кездесулердің басты құрамдас бөлігі әртістермен естелік суретке түсті.

Әлеуметтік осал отбасынан шыққан балалар «Астана Операда» қонақта болды

ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Астана Операның» жетекші солисті Жұпар Ғабдуллина қатысушыларға өнердің қиындықтары туралы айтып берді.

Әлеуметтік осал отбасынан шыққан балалар «Астана Операда» қонақта болды

Адамның дауысы музыкалық аспап сияқты, бірақ ол скрипка мен фортепианодан бірнеше есе күрделі. Дауыс нәзік, күрделі және тек музыкалық ғана емес, физиологиялық заңдарға да бағынады. Сахнада өнер көрсету қабілеттерін меңгеру үшін көп жұмыс істеу керек және ән айту дағдыларын дамыту керек, яғни дауысты дұрыс «тәрбиелеу» керек. Балаларға да, ересектерге де вокал бойынша арнайы мұғалімдер ән айтуды үйретеді. Алдымен хор және сольфеджио бойынша мұғалімдер – музыка мектебінде, содан кейін вокал бойынша мұғалім – университетте, кейінірек солистермен концертмейстерлер айналысады. Қазір біз осы бағытта алғашқы қадам жасап жатырмыз, - дейді солист.
Әлеуметтік осал отбасынан шыққан балалар «Астана Операда» қонақта болды

Сонымен қатар іс-шара барысында кішкентай балақайлар да өз пікірлерін білдірді.

Әлеуметтік осал отбасынан шыққан балалар «Астана Операда» қонақта болды

Бүгін өнер әлеміне керемет саяхат болды. Біз әлемнің ірі сахналарында өнер көрсететін танымал қазақстандық орындаушылармен таныстық. Кәсіби әншілер бізбен бірге ән шырқады, орындау кезінде дұрыс дем алуды үйретті. Мен өзім вокалмен айналысамын, сол себепті бұл кездесу маған шабыт берді. Болашақта біздің клубтың тәрбиеленушілері үлкен сахналарда өнер көрсетіп, вокал саласында еліміздің атын шығаруы мүмкін. Мүмкін мен де үлкен сахналарда өнер көрсететін шығармын, - деп өз әсерімен бөлісті «Замандастың» 9 жасар тәрбиеленушісі Милана Акулова.
Әлеуметтік осал отбасынан шыққан балалар «Астана Операда» қонақта болды

Әлеуметтік осал отбасынан шыққан балалар «Астана Операда» қонақта болды

Әлеуметтік осал отбасынан шыққан балалар «Астана Операда» қонақта болды

Әлеуметтік осал отбасынан шыққан балалар «Астана Операда» қонақта болды

Әлеуметтік осал отбасынан шыққан балалар «Астана Операда» қонақта болды

Әлеуметтік осал отбасынан шыққан балалар «Астана Операда» қонақта болды

Әлеуметтік осал отбасынан шыққан балалар «Астана Операда» қонақта болды

Әлеуметтік осал отбасынан шыққан балалар «Астана Операда» қонақта болды
Өзгелердің жаңалығы