Әлеуметтік маңызы бар тауарларды экспорттауға тыйым салынды

27 Наурыз 2020, 11:13
1253
Бөлісу:
Әлеуметтік маңызы бар тауарларды экспорттауға тыйым салынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан темір жолы әлеуметтік маңызды тауарларды экспортқа шығармайтын болды. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

23 наурыздан бастап "ҚТЖ"ҰК"АҚ Қазақстан аумағынан экспортқа әлеуметтік маңызды тауарлардың 12 түрін тиеуге уақытша тыйым салды.

Экспортқа шығаруға тыйым салынған азық-түлік тізіміне: бидай ұны, қарабидай ұны, қарақұмық,  қант, картоп, сәбіз, қызылша, пияз, шалғам, орамжапырақ, күнбағыс дәндері, күнбағыс майы кіреді. 

Тыйым ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің ҚР-да төтенше жағдайдың жариялануы кезеңінде яғни 15 сәуірге дейін Қазақстан Республикасының экономикасы мен халқының өмірін тұрақты қамтамасыз ету үшін шығарған бұйрығын орындау шеңберінде енгізіліп отыр, - делінген хабарламада.


Өзгелердің жаңалығы