Әлеуметтік кәсіпкерлікке ерекше қолдау көрсетіліп жатыр

13 Тамыз 2020, 19:03
2055
Бөлісу:
Әлеуметтік кәсіпкерлікке ерекше қолдау көрсетіліп жатыр
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кәсіпкер Талғат Қожахметов әлеуметтік осал топтағы адамдарды оқыту және жұмысқа орналастырумен айналысатын Green TAL әлеуметтік шеберханасының жетекшісі Эмин Аскеровпен кездесті. 

Кәсіпкер бұрынғы сотталғандар, жалғызбасты аналар, балалар үйінің түлектері, аз қамтылған отбасылар, көпбалалы отбасылар және мүгедектер жұмыс істейтін кафе мен көлік жуу орындарына барды. Жалпы алғанда, Green TAL компаниясында бизнестің 9 бағыты бойынша 69 қызметкер жұмыс істейді.

Кездесу барысында біз Green TAL және BI Group арасындағы серіктестік мәселелерін талқыладық. Нәтижесінде, біз BI университетінің қызметкерлеріне Green TAL Food-дан тамақ алуға тапсырыс береміз деп шештік. Сонымен қатар, шеберханада қолөнермен айналысатын жұмыскерлеріне маскаларға тапсырыс беріп, қолдау көрсетпекпіз. Маған ұнаған және мен қолдайтын тағы бір идея: оларды бариста дағдыларына үйрету. Біз Green TAL Food негізінде 20 адамның курстарының ақысын төлейміз. Сонымен қатар, болашақта біз компаниямызға бірнеше адамды жұмысқа орналастырамыз, - деді Қожахметов.

Бариста дәмхана, мейрамхана, барлар сынды қоғамдық тамақтандыру нысандарында қызмет көрсететін адам екенін айта кетейік. Осы арқылы кәсіпкер адамдарды жаңа кәсіпке баулып, жұмыс тауып беруге өзіндік үлесіп қосуды жоспарлап отыр. 

WhatsApp Image 2020-08-13 at 17.32.30.jpeg

Эмин Аскеровтің айтуынша, бұл шешім адамдарға жақсы мотивация болады. 

Біздің қызметкерлер басқаларға қарағанда өз жұмыстарын жоғары бағалайды. Өйткені олар біраз бас тарту және жұмыстан босату секілді мәселелерді бастарынан кешірді. Оларға және олардың отбасыларына, әсіресе пандемия кезінде тұрақтылық өте маңызды. Біз өз күшіміз бен өнімдерімізге сенімдіміз, сондықтан біз әрдайым жаңа серіктестерге қуаныштымыз, - деді Эмин Аскеров.
Өзгелердің жаңалығы