Атырауда алғаш рет «Әлеуметтік кәсіпкерлік апталығы» басталды

26 Маусым 2019, 21:27
2326
Бөлісу:
 Атырауда алғаш рет «Әлеуметтік кәсіпкерлік апталығы» басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Азаматтық орталықтың ұйымдастыруымен өтіп жатқан бұл шараға 22 әлеуметтік кәсіпкер қатысып жатыр.

Бұл туралы Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Шарада әр кәсіпкердің жұмысымен танысып, баға беру үшін арнайы комиссия құрылған. Апталықтың қорытындысында жүлделі орын алған кәсіпкерлер марапатталатын болады.

Айта кетейік, 28 маусым күні әлеуметтік кәсіпкерлік күніне орай Аймақтық форум өтеді.


Өзгелердің жаңалығы