Алеппо мешіті қалпына келтіріледі

8 Мамыр 2019, 19:03
1708
Бөлісу:
Алеппо мешіті қалпына келтіріледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алеппода ескі қала аумағында орналасқан Адлия мешіті алаңын қоқыстан тазалау қайырымдылық акциясы өтті. Көне мешіт террористер шабуылы кезінде бүлінген, деп хабарлайды Islam.ru.

Ерекше архитектуралық үлгідегі Адлия мешіті XVI ғасырда бой көтерген. Мешіттің сегіз күмбезі мен 40 метр шамасындағы шағын мұнарасын қамтитын үлкен кең күмбезімен танылған.

Мешіттің ішкі дәлізінде бағаналар бар. Акцияға қатысушылардың бірі игі бастамаға халықтың әртүрлі топ өкілдері, сондай-ақ көрші қала тұрғындары қатысқанын айтады. Олар мешіт ауласын қиыршық тастардан тазартып, мұнараны қалпына келтіру үшін кіргізілетін құрылыс крандарына орындар дайындады.

Өзгелердің жаңалығы