Әлемге әйгілі футболшы науқастанып, ауруханаға түсті

19 Қыркүйек 2021, 13:28
5066
Бөлісу:
Әлемге әйгілі футболшы науқастанып, ауруханаға түсті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әйгілі бразилиялық футболшы Пеле қатты науқастанып жатыр. Қыркүйек айының басында оған ота жасалып, қарқынды терапия бөлімшесіне ауыстырылды деп жазады Lenta.ru.

БАҚ беттерінен белгілі болғандай, футболшының ішегіндегі ісік алынып тасталған. Дәрігерлер 80 жастағы пациенттерінің жағдайы қалыпқа келгенін алға тартуда.

Футбол патшасының қызы Кели Насименту әкесінің жағдайы түзеліп келе жатқанын айтты.

Футболдан үш дүркін әлем чемпионы Пеле атымен танымал Эдсон Арантис ду Насиментудың денсаулығы соңғы уақытта сыр беріп жүр. Ол Сан-Паулудағы ауруханалардың бірінде қарқынды терапия бөлімшесінде ем қабылдауда.

Тамыз айының соңында Пеле есінен танып құлап, ауруханаға түскені туралы ақпарат шыққан болатын. Ол кезде футболшы ақпаратты жоққа шығарып, есін жоғалтпағанын, жоспарлы медициналық тексеруге келгенін айтып ақталды.

Қазір жағдайым жақсы. Мен үшін уайымдап, қал-жағдайымды сұраған барша жанға алғысымды білдіремін, - деп жазды Пеле әлеуметтік желідегі парақшасына.

Аты аңызға айналған спортшы денсаулығында кінәратымен күресіп келеді. 2020 жылы ақпан айында ол жамбас буынын ауыстыру отасын жасатқан еді. Ұлы Эдиньо әкесінің аяғын әрең басып жүргенін, сол күйінен қысылатынын айтты. 

Оның сөзінше, Пеле оңалту сатысынан дұрыс өтпей, өз күшімен далаға шыға алмай қалған. Футболшы өзі болса мұның бәрі депрессияның салдарынан орын алды деп отыр. 



Өзгелердің жаңалығы