Сарыағашта әлемдегі ең жылдам өсетін ағаш өсірілуде

12 Наурыз 2019, 11:25
5021
Бөлісу:
Сарыағашта әлемдегі ең жылдам өсетін ағаш өсірілуде

Түркістан облысы, BAQ.KZ. Сарыағаш ауданының тұрғыны Балтабай Құрбанбаев Павловния ағашын өсіруді қолға алды. 

Ол 2017 жылы Қытай елінен 50 мың түп алдырып, аудандағы бос жатқан 2 гектар жерге отырғызған. Кәсіпкер бұл дарақ ең бағалы ағаштардың бірі екенін айтады.

Сарыағашта әлемдегі ең жылдам өсетін ағаш өсірілуде

«Павловния ағашы әлемдегі ең жылдам өсетін ағаш деп айтуға болады. Жылына 4-6 мертге дейін өссе, ал бойы 25 метрге дейін жетеді. 6 апта гүлдеп тұрады. Еуропа елдерінде жихаз жасауға осы ағашты қолданады. Одан бөлек, қайық, шаңғы, теннис рокеткасын, музыкалық аспап тағы басқа да бұйымдар дайындауға да таптырмайтын дүние. Бұл ағашта көз болмайды. Өте иілгіш келеді. Бастапқыда адамдар мұндайға сеніңкіремей қараған. Қазір жан-жақты көз жеткізіп, көшеттерін алып көбейтуді ойластыруда. Түсінген адамға мұның пайдасы ұшан теңіз», – деді Балтабай Құрбанбаев.

Сарыағашта әлемдегі ең жылдам өсетін ағаш өсірілуде

Кәсіпкердің сөзінше, оңтүстіктің климаты Павловния ағашын өсіруге өте қолайлы. Күтімі жақсы болса, 3 жылдан кейін ағашты қажетке жарата беруге болады.

Өзгелердің жаңалығы