Әлемдегі ең қымбат футболшы анықталды

7 Қаңтар 2021, 08:43
2655
Бөлісу:
Әлемдегі ең қымбат футболшы анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халықаралық спортты зерттеу орталығы (CIES Football Observatory)Еуропаның жетекші бес лигасында ойнайтын ең қымбат футболшылардың рейтингін жариялады. Бұл туралы Aikyn.kz хабарлайды.

Рейтинг бойынша бірінші орында «Манчестер Юнайтед» клубының ойыншысы Маркус Рэшфорд тұр. Ойыншының құны 165,6 миллион еуроға бағаланған. Екінші орында «Боруссия Дортмунд» шабуылшысы Эрлинг Холланд (152 миллион еуро) тұр. Үздік үштікті «Ливерпульдің» қорғаушысы Трент Александр-Арнольд (151,6 млн. Евро) қорытындылады. Былтырғы жылы рейтингте бірінші орында тұрған Киллиан Мбаппе, биыл бесінші орынға түсіп кетті.

Айта кету керек, соңғы жылдардағы атақты жетекші футболшылар жас ойыншыларға қарағанда айтарлықтай рейтингте төмен орында тұр. Лионель Месси тізімде тек 97-ші орында. Оның құны 54 миллион еуроға бағаланған. Осы уақытта «Ювентустың» шабуылшысы Криштиану Роналду мен «Пари Сен-Жермен» (ПСЖ) Француз клубының шабуылшысы Неймар топ-100-ге де кірмеді.

Ең қымбат 10 ойыншының қатарына Боруссиядан Джейдон Санчо (148,3 миллион евро), Атлетикодан Джоау Фелиш (141,5 миллион евро), Бавариядан Альфонсо Дэвис (139,2 миллион евро), Манчестер Ситиден Рахим Стерлинг (136,9 миллион евро) және Челсиден Кай Хаверц (136 миллион евро) кірді.

Толық тізімді сілтеме бойынша көруге болады.


Өзгелердің жаңалығы