Бас жаңалықтар
Әлемде коронавирустың таралуының бәсеңдегені байқалады – ДДСҰ
26 Ақпан 2021, 17:30 550

Әлемде коронавирустың таралуының бәсеңдегені байқалады – ДДСҰ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ДДСҰ мәліметтері бойынша, әлемде (Таяу Шығыс мемлекеттерінен басқа) коронавирустың таралуының бәсеңдегені байқалған. Сондай-ақ, әлемде COVID-19 жаңа жағдайларының саны 16% - 2,7 миллионға дейін төмендегенін атап өтті.

Ғалымдардың пікірінше, қаңтар айының басында 5 миллионнан асқан шыңнан кейін, бесінші апта қатарынан індет қарқынының төмендегені байқалған. Сонымен қатар коронавирустан қайтыс болғандардың саны да төмендеуде.

Американдық The New York Times басылымы әлемде және АҚШ-та індет деңгейінің төмендеуінің басты себебі қазіргі кезде адамдардың едәуір бөлігі вирусқа қарсы иммунитетке ие болған деп есептейді.

Аталған жағдайға қарамастан, денсаулық сақтау саласының қызметкерлері әлем халқын қырағылықты жоғалтпауға шақырады – ешкім COVID-19-дың тұрақты төмендеуіне кепілдік бере алмайтынын баса айтты. Сонымен қатар, коронавируспен ауырған кейбір адамдар, індеттің жаңа нұсқаларының бірін қайта жұқтыру ықтималдылығын бар екендігін мәлімдеді.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...