Әлемде коронавирустан көз жұмғандар саны 5 миллионнан асты

1 Қараша 2021, 22:52
766
Бөлісу:
Әлемде коронавирустан көз жұмғандар саны 5 миллионнан асты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлемде коронавирустан көз жұмғандардың жалпы саны 5 миллионнан асты.

Джонс Хопкинс атындағы америкалық университеттің мәліметі бойынша, қазіргі уақытта дүниежүзінде 246 миллионнан астам адам індетпен күресіп жатыр.

1 қараша күнгі дерек бойынша, жаңа індет салдарынан қайтыс болғандар саны 5 000 425-ке жеткенін растады.

АҚШ-та 745 мыңнан астам адам коронавирустан көз жұмып, әлемдегі өлім-жітім саны бойынша І орында тұр . Хопкинс университетінің анти-рейтингісінде ІІ орында Ұлыбритания тұр, мұнда инфекция құрбандарының саны 141 мыңға жетті, ал жалпы елде 9 миллион адамнан коронавирус расталған.

Өзгелердің жаңалығы